«Алаш» электрондық кітапханасы – қазақ зиялыларының мұрасын сақтаушы цифрлық орта: электрондық кітапхана таныстырылымы
2 шілде күні Абай кітапханасының қызметкері Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Ақпарат дәуіріндегі кітапханалардың озық тәжрибелері» тақырыбындағы вебинарға қатысты.
Шара барысында «Алаш» электрондық кітапханасымен таныстырып, электронды кітапхана қорындағы құнды құжаттар мен баспа өңімдерін іздеу жолдарын көрсетті. Вебинарды ұйымдастырушылар электронды кітапхана қорындағы өздерінің жерлестері: Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Омаров, ағайынды Бірімжановтар мен Сейдәзім Қадырбаевтар туралы ақпараттарды көріп, өздерінің ризашылықтарын білдіріп, болашақта тағы да осындай шаралар өткізіп тұрсақ деген ниеттерін білдірді.