Әдебиет – ардың ісі: кең көлемді кітап көрмесі
Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында 8 шілде күні әдебиеттанушы, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, жазушы, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Рымғали Нұрғалидың туғанына 85 жыл толуына орай «Әдебиет – ардың ісі» атты тақырыпта кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырылды.
Кітап көрмесіне ғалымның шығармалар жинағы, «Телағыс», «Трагедия табиғаты», «Ай қанатты арғымақ», «Айдын», «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры», «Сөз өнерінің эстетикасы», «Әдебиет теориясы», «Драма өнері». «Діңгек», «Поэтика драмы» т.б. кітаптары мен мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары мен ғалым туралы әдебиеттанушы ғалымдардың мақалалары қойылды.
Абай атындағы кітапханасының директоры М. Қарт алғы сөз сөйлеп, Р. Нұрғали туралы естеліктерімен бөлісіп, әдебиеттану ғылымына қосқан зор үлесі жайында сөз қозғады.
Шара барысында Абай облысы Ардагерлер Кеңесінің Төрағасы Алин Мұрат Сейсенұлы академиктің отбасы, ғылымдағы еңбектері, «Семейділ» Қоғамдық Қорының Төрағасы, Ардагерлер Кеңесінің мүшесі Оразалина Зере Каменқызы ғалымның Тәуелсіздік ал¬ғаннан бергі жылдары Алаш зиялыла¬рының мұрасын жариялап, зерттеу, насихаттау ісінде атқарған жұмыстары жайында әңгіме қозғады.
«Қызмет» кәсіподағы төрағасының көмекшісі Бейсекеева Баян Әбуғалиқызы Р. Нұрғалиұлының қазақ энциклопедиясы баспасындағы қызметі жөнінде атап өтіп, Абыралы ауданының қайта құрылуына зор үлес қосқаны жайында тілге тиек етті.
Кітап көрмесін таныстыру барысында кітапханашы ғалым Р.Нұрғалидың қазақ әдебиеттануы ғылымындағы сын еңбектері, А.Байтұр-сынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов және басқа қазақ әдебиеті классиктерінің шығармашылығы ту¬ра¬лы іргелі монографиялық еңбектердің авторы екендігін атап өтіп, оның белсенді ғылыми-педа-гогикалық қызметін әдеби шығарма¬шылықпен қатар алып жүріп, роман, көркем әңгімелер мен повестер жазғаны туралы атап өтті. Академиктің әлем және орыс әдебиеті классиктерінің бірқатар еңбектерін қазақ тіліне аударғаны, республикадағы энци¬клопедия ісін дамытуға айрықша үлес қосып, М.Әуезовтің драматургиясы туралы кандидаттық диссертация жазғаны жайында кеңінен әңгімеледі.
Шара соңында Абай облыстық Мәдениет, спорт және туризм қызметкерлері салалық кәсіподақ филиалының төрағасы Оразбекова Гулнар Бақдаулетқызы, Абай облыстық кәсіподақ орталығының бас маманы Нугуманова Гульмира Тоқтарханқызы сөз сөйлеп ғалымның қазақ ғылымын дамытудағы рөлінің зор екендігін атап өтіп, көрмені ұйымдастырған кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді.