Музыка шексіз әлем: дөңгелек үстел

02.10.18

Абай атындағы кітапханада 30 қыркүйек демалыс күні  «Кілт» клубы, «Space» клубы және  «Муза» эстрадалық вокал класының  ұйымдастыруымен  қала тұрғандарына арналған «Музыка шексіз әлем» атты дөңгелек үстелі өтті.

Мәдени шараның мақсаты әр тақырыптағы музыкалық өнердің қаладағы өкілдерімен таныстыру.

Эстрадалық әнді «Муза» эстрадалық вокал класы орындаса,   «Кілт» және  «Space» клубтары әртүрлі ағымдағы, атап айтқанда халықтық музыка, авторлық әндер,  авторлық бард-рок, электрондық және классикалық әндерді тарту етті. Дарияның орындауында тыңдармандар қазақтың көне музыкалық аспабы  «Саз-сырнай» үнін естісе, Вадим Син өзінің авторлық әнін , класикалық музыканы Н.Бочаров сонымен қатар «Space» клубының жетекщісі электрондық музыкадағы өзінің шығармаларын орындады. Дөңгелек столға әр жастағы музыка тыңдаушылары қатысып, әр жылдардағы музыка әлеммен танысты. Кітапханада- жастар мен ересек адамдарды музыка біріктірді.