Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Сәу 23

Ұлы Шекспирдің туғанына 455 жыл: әдеби кеш

23 сәуір күні Абай атындағы әмбебап кітапханасында танымал ағылшын жазушысы Уильям Шекспирдің туғанына 455 жыл толуына орай, ағылшын тілі курсының тыңдармандарына әдеби кеш ұйымдастырылды.

Шара ұлы жазушы, драматургтың өмірі мен шығармашылығын таныстырумен басталды. Одан кейін кеш қатысушылары назарына «Шекспирдің жұмбағы» атты бейнефильм ұсынылды. Бейнефильмнің желісі бойынша жазушы Шекспирдің өмірінен беймәлім қырлары баяндалды.

Ары қарай қатысушыларға ұлы жазушының әлемге танымал «Ромео және Джульетта» туындысынан бейнеүзінді көрсетілді. Аталған шығармадан 30 жуық қойылым түсірілген. Мәселен, 1954 жылы Италияда түсірілсе, кейін Кеңес үкіметі тұсында атақты балерина Галина Уланованың қатысуымен түсірілген.

Ал кейінгі кезде көрермен көңілінен шығып жүргені Дзеффиреллидің қойылымы «Ромео және Джульетта» 1968 жылы (Англия-Италия) Оливия Хассидің қатысуымен түсірілген, ал 1996 жылы голливудтық қойылымда Ромео рөлін Леонардо де Каприо ойнаса, 2013 жылы режиссер Карлейдің қойылымында 15 жасар актриса Хейли Стайнфелдтің қатысуымен түсірілген.

Аталмыш шара  барысында қатысушылар жазушының аудармаларымен таныстырылып, Уильям Шекспирдің шығармаларынан жасақталған кітап көрмесіне шолу жасалды.