Қазақстан әскері: кеше, бүгін, ертең: кітап көрмесі

06.05.19

Абай атындағы кітапханада 6 мамыр күні – Отан қорғаушылар күніне арналған «Қазақстан әскері: кеше, бүгін, ертең» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Бұл күн – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1992 жылғы 7 мамырдағы «Ұлттық Қарулы Күштерді құру» туралы Жарғысы негізінде бекітілген. Бұл күн – қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғас тапқан күні.
Осы айтулы күнді ұлықтау, жастарды отансүйгіштікке баулу, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған кең көлемді көрмеге кітапхана оқырмандары қатысып, басылымдармен танысты. Көрмеден қорғанысқа қабілеттілікті қамтамасыз етудің тарихы мен маңызы, елдің Қарулы Күштерінің қауіпсіздігі туралы әдебиеттер мен мерзімді басылымдар және әскери тақырыптағы материалдар орын алды.
Еліміздің қорғаныс күші жайлы білгісі келетін оқырман қауымға аталмыш көрме 9 мамырға дейін ұсынылатын болады.