Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Мау 18

English Spell Check: Ағылшынша жаппай сауаттылық диктанты

Ағылшын тілі – әлемдік кеңістікке ең кең таралған халықаралық тіл болып табылады. Сол себепті 15 мамыр күні Семей қаласында алғаш рет ШҚО Абай атындағы кітапханада оқырмандардың ағылшын тілінде сауаттылықтарын тексеру мақсатында ағылшынша ашық диктант ұйымдастырылды. Қаламыздың кез келген азаматы өзінің ағылшын тілі деңгейін тексеруге мүмкіндік алды.

Жаппай ағылшынша диктант жазу кітапхана волонтеры, «FLEX» бағдарламасының түлегі Мұратова Гүлнұрдың көмегімен жүзеге асырылды. Халқымыздың ағылшын тілінде жазуда қаншалықты сауатты екендіктерін байқап, білімін одан әрі жетілдіруге деген ынтасын күшейтуге бағытталған «Жаппай ашық диктант» жазу шарасына 20 адам қатысты. Диктант жазуға кітапхана пайдаланушылары, атап айтсақ: Шәкәрім атындағы университеттің, Семей Медицина университетінің студенттері,  Семей экономикалық лицейдің және № 4 мектептің оқушылары қатысты.

Диктант мәтіні ретінде «Abbie’s bullying story» мәтінінен үзінді таңдалды. Үздік жазған қатысушыларға ұйымдастырушылардын арнайы сертификаттар мен ары қарай ағылшын тілін жетілдіруге мүмкіндік алады.