«Жарығым»: жыр жинағының таныстырылымы

20.06.19

20 маусым күні Абай атындағы кітапханада ақын Үміт Оразымбайқызы Шарипованың «Жарығым» атты кітабының тұсаукесері өтті. Үміт Шәріпованың «Жарығым» жинағына соңғы жылдары жазылған өлеңдері топтастырылған. Өлеңдерінің негізгі арқауы туған жеріне, табиғатқа және достарына арналған түрлі жанрлар мен ата-ананың құшағы, махаббат пен сүйіспеншілік жайындағы тақырыптарды біріктірген.

Кітаптың таныстырылымы барысында автордың өлеңдері оқылып, автор шараға қатысушыларға поэзиялық жинаққа енгізілген отан, махаббат, достық, ата-ана мен балаға деген сүйіспеншілікті суреттейтін толғаныстарымен бөлісіп, шығармашылық ойларын ортаға салды. Ақынның әрбір өлеңі сүйіспеншілікке толы және ешкімді бей-жай қалдырмайды.
Мәдени іс-шараға ақынның ұстаздары, әріптестері, туыстары, достары, сондай-ақ поэзияны сүйетін зиялы қауым қатысты. Келген қонақтар ұстазы
А.С.Еспенбетов, ақын Қ. Ж.Нұркасым, ТВК-6 телекомпаниясының директоры О.Қ. Байуақов және Талдықорған қаласынан келген ақын Үсен Өмірзақов жыр жинағының тұсауын кесті. Ә.Қашаубаев атындағы филормонияның әншілері Б.Сағымбаева, Г.Ноғайбаева ақынның «Бәрі есімде» және «Өкінішті» өлеңдерін орындап, сазды салем жолдады.