Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Мау 21

Ұлы дала астанасы: кинокөрсетілім

21 маусымда «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жоғарғы лауазымда елімізді басқарғанына 30 жыл толуына орай балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері Н.Г.Чернышевский атындағы №1 ЖББО мектептің жанындағы «Солнышко» жазғы лагерь демалушыларына «Ұлы дала астанасы» атты деректі фильм көрсетілімін ұйымдастырды.

Іс-шара барысында ел тәуелсіздігі кезеңіндегі еліміздің сәулет экономикалық және саяси жетістіктері туралы , жаңа астананың қалыптасуы мен даму кезеңдерін тамашалады. Кітапхана қызметкерлері астана жайындағы мысалы 111 метр биіктіктегі Қазақстанның ең үлкен туы, әлемдегі ең алып океанариум, Гиннестің рекордттар кітабына енгізілген астаның тамаша архитектуралық ғимараттары туралы қызықты деректерімен бөлісті.
«Ұлы дала астанасы» деректі фильмі көрермендерді жаңа астананың архитектуралық келбеті, Нұр-Сұлтан қаласының әлемдік саяси, экономикалық және діни үдерістердегі рөлі туралы, достастық елдерінің президенттерінің ел астанасы туралы ой-пікірлерімен таныстырылды. Балаларға «Өз тарихынды білесің бе?» атта викторина өткізілді.
Шара Нұр-Сұлтан қаласының тарихынан ақпараттар беретін, сондай ақ Қазақстанның жаңа астанасының дамуындағы Тұңғыш Президенттің рөлін көрсететін кітаптар, фотоальбомдар және мерзімді басылымдардан «Әлемдік деңгейдегі саясаткер» тақырыбындағы кітап көрмесі жасақталып, шолу жасалды.