Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қар 28

Жаңа дәуір көшбасшысы: дәріс

Семей қаласының Ішкі істер департаментінде Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының мамандары Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған «Жаңа дәуірдің көшбасшысы» тақырыбында дәріс өткізілді.

Шараның басты мақсаты:  ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың республикамыздың жетістігіне қосқан үлесі, еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі позитивтік өзгерістерді дәріптеу.

Сонымен қатар әлемдік қауымдастық мойындаған, тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін қалыптастырудағы  Елбасының көпқырлы стратегиялық басымдықтары мен жетістіктері, атқарған ұлан ғайыр істері, сындарлы саясаты, адам және азамат ретіндегі қырлары сөз болды.

Іс – шара аясында Тұңғыш Президентіміздің «Тәуелсіздік дәуірі», «Тәуелсіздік стратегиясы», «Таңдалған сөздер», «Ой кітабы» сынды өмірбаяндық,саяси  кітаптарына  көрме жасақталып,шолу ұсынылды. Шараға қатысушылардың ерекше таңданысын тудырған «Нұрсұлтан Назарбав. Өмірбаян» атты шығармасы болды. Бұл оның қарапайым ауыл жасынан бастап ұлт көшбасшысына дейінгі өмір жолын баяндайды. Дәріс “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  күні” бейнекөрінісімен сүйемелденді.