Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Нау 03

Абай таныған кәусарлар: ақпаратық сағат

Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 3 наурыз күні Жарқын ауылдық орта мектебінде оқу ісінің меңгерушілері үшін өткізілген ««Абай әлемі – рухани жаңғыру әлемі»» атты тақырыптағы семинарда  «Абай таныған кәусарлар» атты тақырыпта ақпараттық сағат өткізді. Ақпараттық сағат барысында ақынның тарихи танымының өрісін ұзартып, аясын кеңейтуде Абайдың қандай рухани бұлақтардан сусындағаны, қандай кітаптарды оқығаны жайында кеңінен әңгімеленді.

Абай ұлттық және бүкіладамзаттық мәдениеттің ұлы үш бұлағынан нәр алған кемеңгер. Ақпараттық сағат барысында кітапхана қызметкерлері осы үш бұлақтың бірі – халықтың сарқылмас мол қазынасы халық ауыз әдебиеті, екіншісі – Абайдың жас шағынан оқып, жақсы білген классик ақындары Шығыстың атақты сөз зергерлерінің өлең-жырлары, үшінші бұлақ – орыс мәдениеті, осы арқылы қол жеткізген батыс елдері мәдениеті жайында, ұлы ақын таныған кәусарлар, Абайдың орыс достары жайында ақпараттармен таныстырды.

Кітапхана қызметкерлері Абай атындағы кітапхана қорындағы Абай оқыған кітаптар топтамасының қатарындағы орыс классик жазушыларының кітаптары, батыс Европа ойшылдарының еңбектері Спенсер, Дрепер, Льюис, Милль шығармалары мен ресейлік мерзімді басылымдар «Современник», «Руский вестник», «Русская мысль», «Отечественные записки» журналдары жайында видеопрезентацияны көрсете отырып, мол ақпарат берді.

Ұстаздардың назарына «Абайдың орыс достары» жайында видеокөрсетілім көрсетіліп, «Абай әлемі» сериясы бойынша шыққан  кітаптар топтамасымен таныстырды.