Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Шіл 06

Ғасыр адамы: тікелей эфир

2020 жылдың 6 шілдесінде ШҚО Абай атындағы кітапханасының Facebook парақшасының тікелей эфирінде Алматы технологиялық университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелері жөніндегі проректоры Батхолдин Қалтай Сейітқажыұлымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мерейтойына арналған «Ғасыр адамы» тақырыбында тікелей эфир өткізді.

Байланыс барысында Қалтай Сейітқажыұлы Н.Ә. Назарбаевтың адамзат тарихындағы жаһандық жағдайға алаң көңілмен қарайтын және оның шешілуіне өзі тікелей араласатын мемлекет басшыларының бірі екенін тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев тарихи өлшем бойынша өте қысқа мерзімде егеменді елдің зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретіндегі негізін қалап, жас мемлекетті халықаралық қоғамдастықтың белді мүшесіне айналдырғанын, БҰҰ мен Дүниежүзілік сауда ұйымының қатарына қосқанын мақтанышпен жеткізді.

ЕҚЫҰ төрағалығын абыроймен атқарып, әлем елдерінің арасында абыройы артқанын, Еуразиялық интеграция идеясы – өміршең идеяға айналғанын, осы және өзгеде көптеген ақпаратқа Қалтай Сейітқажыұлының дәрісінен қанық болдық.

Сөз соңын Елбасының ел басқарып отырғанына отыз жылға жуық уақыт болғанын, тәуелсіз Қазақстанның тарихында президенттік биліктің ауысып көрмегенін ескерсек, Назарбаевтың өз еркімен президенттіктен кетуі тарихи оқиға болғанын, бұл ісініңде үлкен кемеңгерлік екенін айтып аяқтады.