Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қыр 10

Мамандыққа деген адалдығы үшін марапат

Бүгін, 10 қыркүйек күні кітапхана қабырғасында айтулы оқиға болды. Әріптестеріміз Омарбаева Гүлмира Қанабекқызы мен Камабекова Айнагүл Қазезқызы Алматы қ. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» медаліне ие болды. Біз әріптестерімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, мамандыққа деген адалдығы үшін алғыс айтамыз. Әріптестерімізге жаңа шығармашылық идеялар мен кәсіби қызметінде сәттілік тілейміз.