XIX ғасыр

h03    ХІХ ғасырдың ортасына таман Семей қаласының сауда орталығы ретінде атқаратын қызметі маңызы болды. Семей саудагерлері, көпестері батыста Қытай қалаларымен солтүстікте Ресеймен сыртқы сауда байланысын дамытты. Орта Азиядағы сауда айналымына арқау болуға қолайлы орналасқандықтан Ресей патша өкіметі бір бекіністі Ертіс бойындағы Семейге салды. Осылайша ХVІІІ ғасырдың аяғында Семей қаласы Ресей патшалығының жоспары бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы ең ірі сауда орталығына айналды. Осындай мақсатта әсіресе Қазақстанның шығыс өңіріндегі тұрғындарға өз таурларын сыртқы саудаға шығаруға үлкен үлес қосты. Тіпті аталған кезеңде қазақ даласындағы сауданың даму барысы оның болашағы шетел зерттеушілерін де қызықтыра түсті. Себебі, осы өңірден шығарылатын мал және оның өнімдері сыртқы сауда нәтижесі ретінде Қытай қалаларына, Ресей арқылы Еуропаға да жететін. Қазақстанның Шығыс, Алтай өлкесі, яғни Ертіс бойындағы Семей өңірі ХІХ ғасырдың басында-ақ халықаралық сыртқы сауда өнімі ретінде шығаруда негізгі роль атқарды. Осы аймақтағы Ресей патшалығының тауарлары қазақ малымен оның өнімдері ХVІІІ ғасырдың басында Қытай сауда орындарына шығарылды. Мысалы: Н.Г.Андреевтің жазуынша – «сауда қырғыз – қайсақтар мен шекаралас Қытайдың губерниялық қаласы Құлжа арқылы жүргізілді…» Құлжадан Ресей патшалығының шекараларына дейінгі қарауылдар – Катонқарағай Ертіс өзені құятын ең шеткі Зайсан көлі Шұғышақ арқылы Ташкенттіктер Семей қаласымен сауда жасайды.

Қазақтар сыртқы саудаға негізінен жылқы, ірі қара, қой малдарын шығарады және мал өнімдері. Қытайлықтар әр түрлі бұыймдар ыдыс, барқыт қытай бұлдарын саудалайды. Семейдегі 1765 жылдағы ашылған айырбас сауда алаңында қайсақтар сияқты ташкенттіктер бұхаралықтар өз керуендері мен келіп әр түрлі тауарларымен сауда жасайды. Сонымен қатар мұнда орыс көпестерінен 1783 жылы 599 рубль, 1784 жылы 840 рубль салық жиналды. 1783 жылы Семей қаласына бұқаралықтар, Ташкенттіктер, Қашқарлықтар әр түрлі жібек маталарын әкелді. Ташкент темекісі, өрік, алма, аң терілері, барыс, қасқыр, түлкі, т.б. аңдар түрлері саудаға түседі. Міне, осы келтірілген дәлелдер арқылы Семей қаласының сыртқы сауда қызметінің маңызды болғандығын көрсетеді.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Семей өңірінде өнеркәсіп орындары пайда бола бастады. Кең көлемдегі сауда орындарының, жәрмеңкелердің ашылуы, зауыттар мен фабрикалардың сандарының артуы осы қалалардағы халық санының өсуіне де жағдай жасады, қалада сауда мәдениеті дамыды. Бұл туралы А.И. Левшин былай деп жазады: «Айырбас сауда жасау үшін олардың яғни қазақтардың келетін негізгі орыны Ресей шекарасындағы Семей, Өскемен, Петропавл, Омск қамалдары болды». Міне осылардың ішіндегі Семей қаласы уақыт өткен сайын аталған өңірлердегі негізгі сауда жүргізетін орындардың біріне айналды. Мысалы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Семей қаласы арқылы Орта Азия мемлкеттерінен сауда керуендері өткен.

1803 жылы Қытай елімен сауда әрекеттерін Cемей арқылу жүргізу белгіленген указ қабылданды. Мұның алдында қытайлықтар өз саудагерлеріне орыс жерімен қандай да болмасын қатынастар жасауға тыйым салған. Сондай-ақ, орыс көпестері Шәуешек және Құлжа қалалары аймағына да жіберілмеді. Сондықтанда кейінгілер аталған аймақтарға жүк керуендерін негізінен Орта азиялық хандықтар тұрғындары мен татарлардан тұратын приказчиктері арқылы жөнелтетін болған. Міне, осы ”Тәшкенттік және бұқаралық” өкілдері Шәуешек, Құлжа, Қашқар, Ақсу қалаларына еркін кіріп, кері сапарында Семейге алтын, күміс, жібек маталар, кірпіш, қара және көк шәй, басқа да заттар жеткізіп тұрған. Қазақ елінің бірте-бірте Ресейге қосылу процесінің нәтижесінде Қытай шекарасына шығудың мүмкіндіктері де кеңи түсті. Өйткені, XIX ғасырдың бас кезінде Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы арқылы қазақтар мен қытайлардың дербес және тәуелсіз арақатынастары орныға бастады.

Беттер: 1 2 3 4