Семей футбол тарихы

h59     2013 жылы Қазақ футболына -100 жыл толады. Қазақстан футболының ажырамас бір бөлігі болып отырған Семей қаласында 1913 жылы ерлер гимназиясы мен семи¬на¬риясында ал¬ғашқы футбол командалары ұйым¬дастырылады. Сол кездегі құрылған «Ярыш» команда¬сының құрамында кейін әлемге әйгілі жазушы атанған семинарист жас Мұхтар Әуезов те ойнайды. Сондықтан да, Семей қала¬сын Қазақстандағы футболдың Отаны деп атауға толық негіз бар. Қазақ спортының даму тарихына көз жүгіртсек, 1912 жылы Мәскеу қаласынан Семейге Н.Куприянов деген адам атақты көпес Плещеевтің дүкеніне келіп қызметке орналасады, өзімен бірге доп, сетка және спорттық бұйымдар әкеліп, футбол ойынына әуестік танытқан жастарды жаттықтыра бастайды, сөйтіп 1913 жылы алғаш рет футбол командасы ұйымдастырылады. Семейде М. Сайдашев, А.Кәрімов, Ю.Нигматуллин т.б. жергілікті қазақ және татар жастарынан тұратын «Ярыш» командасы құрылады. Оның капитаны болып Юнус Нигматуллин тағайындалады. Юнус Нигматуллин 1896 жылы Семейдің атақты көпесі Нигматуллиндар отбасында дүниеге келген. Ағайынды Нигматуллиндердің сабын қайнататын және тері өңдеу зауыттары, 4 баспана, дүкендер мен қоймалар, әпкелері Зулейханның еншісінде Риддердегі алтын өндіруші шахта бар болатын. Осындай отбасында өскен Юнус ерекше ізденімпаз, талантты болып өседі. Сол кездегі заман талабы бойынша алдымен татар медресесінде құран оқудың қыр-сырын меңгеріп, арабша да үйренеді. Орыс мектебін тәмамдағаннан кейін ерлер гимназиясына оқуға түседі. Кітап оқудан алдына жан салмайтын, кітапхананың тұрақты оқырманы болған Юнустың үйінде кітап қоры мол мол болған. Ол үй қазіргі Шәйжүнісов көшесі, 55-үй. Оның ерекше ізденімпаздығы мен зеректігі гимназияны алтын алқамен аяқтауына себепкер болған. Нигматуллиндер пошта арқылы «Нива» атты ресейлік журналды жаздырып алатын, онда ресейлік астананың мәдени өмірі туралы мақалалар мен репортаждар беріліп тұратын. Осы басылымнан Юнус доппен ойналатын әйгілі ойын туралы жазылған мақаланы оқиды да, ол туралы достарымен бөліседі. Осылайша жасөспірімдер бірлесіп команда жасақтап, бағдарын жобалап, жеке формаларының пішінін белгілеп, тіпті команданың эмблемасын да ойластырады. 1914 жылдың күзінде семейлік жасөспірімдер командасы гимназистердің ең күшті командасымен кездесіп, жеңіске жетеді, сондағы қарсыластар қақпасына бірінші боп доп түсірген Мұхтар Әуезов екен. Жас Мұхтармен бірге жасыл алаңға шыққан отандық футболдың қарлығаштары Ахметсәлім Кәрімов (капитан), Қасымхан Мұхамедов, Салах Хисматуллин, Зиятдин Рыспаев, Мұхаммед Сайжашев, Юнус Нигматуллин, Әміржан Ситдықов, Ғабдулхан Ғаббасов, Мұхамедулла Құрманов, Гусман Ямбушев, Сабыржан Ахмедшин секілді жеткіншектер біздің елде бұл спорт түрінің кең таралуына жол ашты. 1914 жылы семейліктер алғаш рет Томск қаласының политехникалық институты студенттерімен жолдастық кездесу өткізді. Бұл Қазақстан футболының кіндігі кесілген жыл болып есептеледі. Бүгінде тарихта ізі қалған «Ярыш» футбол командасының ойыншылары түскен фотосуреттің бір-екі түпнұсқасы ғана сақталыпты. Олар кезінде кітап, газеттерде басылды. Сол фотолар Семейдегі Абайдың мемлекеттік мәдени-тарихи және әдеби-мемориалдық қорық мұражайында және Бөрілідегі М. Әуезов мұражай үйінде сақталған. М. Әуезов Куприяновпен өзі сөйлесіп, тігіншіге өзі барып, киімдерін тіккізген екен. «Ярыш» командасының эмблемасындағы жазу арабша болған. Ол жазу «Ярыш» командасы. Семипалат». «Мұхтар Әуезов және спорт өнері» кітабының авторы Ө.Сұлтановтың зерттеуінше: «Бұл туралы кезінде газеттер мен кітаптарда басылды, алайда осы фотосуреттер мен түпнұсқа арасындағы бір айырмашылық бар. Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы үйінде тұрған фотосуреттің (түпнұсқа) төбесінде ортасында арабша жазуы бар ақ дөңгелекше келген таңба болса, төменгі жағында араб тілінде жазылған сөздер бар екен. Ал Ахмет Әуезовтің кітабында және газеттерде жарияланған суреттерде ол жазулар жоқ, жоғарыдағы таңба да байқалмайды. Фотоның жоғары жағындағы ақ дөңгелекше ортасындағы жазу Ярыш деген сөз екен. Біздің шамалауымызша, бұл команданың эмблемасы. Ойыншылардың артқы жақ төріне ілінген ту іспеттес. Қазіргі футбол командаларының да тәжірибесінде мұндай үлгі бар. Ал төмендегі жазу Ярыш футбол командасы. Семипалат деген сөздер екен»,-дейді. Юнустан қалған 1918 жылғы фотоальбомда сол заманның әртүрлі суреттерімен бірге Ярыш футбол командасының, оның ішінде Мұхтар бар фото да сақталыпты. Суреттің артқы бетінде орыс тілінде барлық 24 спортшының аты-жөні жазылған. Мұны жазған сол командада ойнаған Фамзов Рифкат болатын. 1912-1920 жылдары біздің қаламызда тағы да футбол командалары пайда бола бастады. Олар:«Нептун», «Спорт клубы», «Гимназисты» – ерлер гимназиясы, «Семинаристы» – мұғалімдер семинариясынан болатын. Сол уақыттағы мықты ойыншылар: В.Соколов, А.Огородников,Д. Шлыгин, А.Наумов, сондай-ақ, «Семей спорт үйірмесі» футбол командасынан В. Сивириков, К. Пигарев, В. Стойлов, Д. Лыжин; «Спорт-Клуб» командасынан С. Федосеев, М. Андреев, Н. Соседов командалары арасында кездесулер өтті. 1918-1924 жылы Семей қаласындағы футбол спортының даму қозғалысына Алексей Михайлович Огордоников деген азамат өзінің көп күш жігерін жұмсады. Семей қазақ жерінде алғашқы «халықаралық» жолдастық матч өткізілген орын болып саналады. Семейдегі тарихи-өлкетану мұра¬жайын¬да сақталған құжаттарға қарағанда, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түскен бірта¬лай чех азаматтары қалада болған, міне, солармен 1918 жылы ССК (Семипалатинский спортивный кружок) командасы ойнаған. Сөйтіп, семей¬ліктер Қазақстанда бірінші болып, үлкен футбол¬дың куәсі болған екен. Чехтардың техникалық дайындығы мықты болғанымен кездесу 2:1 есебі¬мен жергілікті команданың пайдасына шешілген. Осылайша, күннен-күнге дамып, халықтың сүйікті спорт түрлерінің біріне айналған футбол Павлодар қаласына да жетіп, 1915-16 жылдары «Ястреб» және «Звездочка» командалары құрылып, олар көршілес жатқан губернияларының командаларымен боған ойында бірнеше рет жеңіске жеткені белгілі болды. Семейлік журналист Дәулет Сейсенұлы Семей қаласы қазақ футболының отаны және де оның М.Әуезов есімімен тығыз байланысты болғанын, ол туралы ағылшындардың да мойындағанын мақалаларының бірінде атап көрсетеді. Онда төмендегідей мәлімет келтірілді: «Британдық дипломат Пол Брамелл 2009 жылы маусым айында Алматыда футболдан өтетін Қазақстан мен Англия кездесуі аясында жоспарланған «Футбол барлығы үшін» бағдарламасындағы шараларға қатысу үшін келген еді. Ол өзінің Семейге қазақ футболының отаны ретінде атбасын бұрғанын, әсіресе қазақтың ең атақты жазушысы М. Әуезовтің жас кезінде футболға қалай келіп, қалай ойнағаны қызықтыратынын айтты». 2013 жылы қазақ футболының 100 жылдығын өз деңгейінде өткізу үшін Семей жерінде арнайы ұйымдастырушы топтар құрылып, үлкен шаралар өткізіледі. Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында ойнайтын «Спартак» футбол командасының баспасөз атташесі С.Калининнің сөзімен айтқанда, негізгі мерекелік іс-шаралар өтетін «Спартак» стадионында дайындық жұмыстары басталды. Төменде Семей футболының тарихы мен бүгіні жайында жарияланған әдебиеттер тізімін және Интернет-ресурстарын беріп отырмыз. .

Әдебиеттер тізімі:

Әдебиеттер тізімі:
Әуезов А. Бала Мұхтар.-Алматы: «Жазушы», 1967.- 52 б.
Ермырза Ә. Қазақ футболының ғасырлық тойы: (Ярыш» футбол командасының құрылғанына 100 жыл) // Ертіс өңірі.-2013.-16 қаңтар.-3 б.
Ермырза Ә. Семей футболының шеберлері // Ертіс өңірі.- 2013.- 13 ақпан.- б.9
Ермырза Ә. Капитан тағдыры: «Ярыш» капитаны Юнус Нигматуллиннің жарқын өмірі// Ертіс өңірі.- 2013.- 20 ақпан.-7 б.
Ермырза Ә. Теңбіл доп ардагері тағдырына өкпелемейді// Ертіс өңірі.- 2013.- 23 қаңтар.- б.5
Есентаев Ә. Семей футболы қалай басталды?// Ертіс өңірі.- 2013.- 23 қаңтар.- б.4
Калиакпаров Ш. Семейдің тағы бір зиялысы // Семей таңы.-1992.-4 тамыз.
Калинин С. Үздік сегіздікте// Ертіс өңірі.- 2013.- 20 ақпан.- б.7
Кәкәішев Н. Футболға жаны құмар жан: Жұмағали Садықұлы туралы// Ертіс өңірі.- 2013.- 6 ақпан.- б.9
Қожаев Қ. Спортты сүйген Сұлтанов: «Мұхтар Әуезов және спорт өнері» деген кітабы үшін ғалым спорт журналистикасының негізін қалаған С.Бердіқұл атындағы сыйлықтың иегері атанды// Ертіс өңірі.-2009.-18 ақпан.-10 б.
Миршанов Ә. На заре казахстанского футбола// Спорт.-1963.-8 қаңтар.
Сұлтанов Ө. Мұхтар Әуезов және спорт өнері: тарихи-деректі басылым.-Семей:«Талант», 2007.-152 б.
Сұлтанов Ө. «Біздің құрамада өнер көрсетіп жүрген легиондар әлемдік деңгейде атағы шыққан футболшылар емес…» // Ертіс өңірі.-2013.-30 қаңтар.-8 б.
Футбол тойына дайындық ауқымды// Ертіс өңірі.- 2013.- 6 ақпан.- б.3
«Цементник» КСРО чемпионатында // Ертіс өңірі.- 2013.- 13 ақпан.- б.9
Интернет-ресурс:
http://aladop.kz/)
massaget.kz
egemen.kz›
abai.kzalashainasy.kz›
nashfootball.kz
qazaq.kz