Әдебиет

Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңіріндегі сияқты Семей аймағындағы ақын-жазушылардың өмір жолдары мен шығармашылық мұралары жаңаша саралануда. Солардың ішінде Семей өңірінде дүниеге келіп, өмір сүріп ұлы Абайдың ақындық дәстүрін жалғастыра отырып, кезінде республика жұртшылығына танымал болған халық ақындары – Төлеу Көбдіков, Сапарғали Әлімбетов, Нұрлыбек Баймұратов, Тәңірберген Әміренов, Шәкір Әбенов, Қалихан Алтынбаевтардың өнегелі өмірі мен соңдарынан қалдырған бай әдеби мұралары келешек ұрпақтың таусылмас рухани азығына айналып ел игілігіне айналды. Семей өңірінің шежіресі туралы тамаша мақалаларымен танылған журналист жазушы-ақындар Сәду Машақов, Ырысхан Мұсаұлы, Ақылбай Манабаев, абайтанушы Қайым Мұхамедханұлы, қазақ әдебиетінде аттары қалған танымал прозаик жазушыларымыз Әди Шәріпов, Әзілхан Нұршайықов, Кәмен Оразалин, Сапарғали Бегалин тек Семей жұртшылығының ғана емес бүкіл қазақ елінің сүйікті перзентіне айналды.

Қазіргі кезеңде белгілі жазушылар – Медеу Сәрсеке, Мерғали Ибраев, Төлеген Жанғалиев, Роллан Сейсенбаев, Ғазиз Сапаев, Мұрат Сұлтанбеков, Тұрсын Жұртбай тағы басқалар қазақ әдебиетіне өз үлестерін қосып келе жатқан жандар.

Әдебиет тарихы тек өткенмен ғана емес, бүгінмен жасалып, болашақпен жалғасатыны белгілі. Осы тұрғыдан туған өңірдің әдеби өміріне өз үлестерін қосып келе жатқан жаңа толқын легі тағы бар. Олар: Тыныштықбек Әбдікәкімов, Айгүл Кемелбаева, Мұратбек Оспанов, Қайрат Сабырбай тағы басқалар Семей өңірінің мақтанышы болып қала бермек.

Сайттың «Әдебиет» айдары – Семейлік танымал ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы туралы кітапхана қорында бар кең мазмұнды мағлұматтарын ұсынады. Енгізілген есімдер саны елуге жуық. Болашақта әлі де жаңа есімдермен толықтырыла береді.

А – Ә

Б – Ж

И – М

Н – О

С – Ы