Абайдың 38-ші қара сөзі: тікелей эфир
2020 жылдың 30 шілдесінде ШҚО Абай атындағы кітапханасының facebook парақшасының тікелей эфирінде Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Бекбосынов Марат Нұрғазыұлымен «Абайдың 38-ші қара сөзі» тақырыбында тікелей эфир өткізді.
Байланыс барысында Марат Нұрғазыұлы қара сөздерді мазмұнына қарай әркімнің әртүрлі: ғақлия, дәстүрлі дидактикалық шығарма, педагогикалық ойлар жиынтығы деп атайтындығын, Абайдың өзі «бап» деп атағанын, ал «қара сөздер» деп атау 1933 жылы М.Әуезовтың академиялық жинаққа осы атаумен жариялауымен қалыптасып кеткендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ 1995 жылғы академиялық жинаққа енген Абай еңбектерінің жалпы санына, талас тудыратын кейбір өлеңдеріне, Абайдың қолтаңбасы бар еңбектері – 1998 жылғы Мұқыр болысындағы оқиғаға байланысты жазылған «сенатқа хат» деген шағын арызы, тарихшы ғалым Амантай Исин тапқан Абайдың Мағауияға жазған хатына кеңінен тоқталды. Негізінен қара сөздердің саны 45 емес 44 болуы керектігі жайында пікір айтып, «Сократ хакімнің сөзі», «насихат», «китап тасдих» деген бөлек атаумен берілген 27, 37, 38-інші қара сөздеріне талдау жасады.
«Екі күймек бір жанға әділет пе? Қаны қара бір жанмын, жаны жара» деген Абай сөзін еске ала отырып көзі тірісінде терең пәлсәпалық еңбектерін ешімнің түсіне алмағандығын, қазіргі тәуелсіздік алған заманда жетілген, білімді ұрпағы Абайды екінші рет түсінбесе, Абайды екінші рет күйдіргенімен бірдей деп ой қозғады. Абай журналының 2020 жылғы 3-ші санында жарық көрген «Абайдың 38 қара сөзі, оған түсініктеме және ауызекі аудармасы» деп аталатын еңбегімен таныстырып оқырманның ыстық ықыласына бөленді.