Шәкәрім мұрасы – ұрпаққа аманат: пікір алмасу алаңы
22 шілде күні Абай кітапханасында ақын, жазушы, философ, тарихшы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы мен өмірі жайында пікір алмасу алаңы өтті. Аталмыш шараға абайтанушы, шәкәрімтанушы Асан Омаров арнайы шақырылып, кітапхана мамандары қатысты. Белгілі зерттеуші А.Омаров шәкәрімтану саласында жазған еңбектері жайында әңгіме өрбітіп, бұл туындының өмірге келуіне қанша уақыт жұмсағандығы жайында ақпарат берді. Ғалым көп іздене Шәкәрім ілімінің тереңдігіне бойлады. Шәкәрім шығармашылығы мен оның лирикалық өлеңдерінің өміршеңдігіне тоқталды.
Кітапхана мамандары шәкәрімтануға қатысты алуан түрлі сұрақтар қойып, зерттеушіден тыңғылықты жауаптар алды.
Шәкәрім ілімінің тереңіне жету үшін әлі талай зерттеуді қажет ететіні анық.