Көне Семей: көрме
22 шілде күні Абай кітапханасының қызметкерлері өлкетану балалар клубының мұғалімдеріне, қала тұрғындарына және шетелдік қонақтарға журналист, суретші, өлкетанушы Руслан Шақабаевтың «Көне Семей» сурет көрмесін тамашалауды ұйымдастырды. Сурет көрмесі қаламызда 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында салынған ескі ғимараттарға арналды.
Автор негізінен 19 ғасырда «татар қонысы» деп аталған, татар саудагерлері мен қолөнершілері қоныстанған татар өлкесінің сәулетін бейнелеген. Үйлер өздерінің сапасымен ерекшеленді және осы күнге дейін мұнда көптеген аркалы қақпалар мен өрттің көрші ғимараттарға жетуіне жол бермеуге арналған брандмауэрлер сақталған. Мұндай қабырғалар қазіргі сәулет өнерінде сирек кездеседі және Қазақстанда тек Семейде ғана сақталған.
Көрмені тамашалау барысында автор әрбір ғимараттың өзінің тарихын сақтап қалғаны жайында әңгімелеп берді.