Шетел калейдоскобы: кітап көрмесі
3 тамыз күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері кітапхана пайдаланушыларына, бөлімге келіп түскен бірнеше тілдердегі кітаптардан «Шетел калейдоскобы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Аталмыш көрмеге тілтанымдық 2014 жылы жарыққа шыққан С.А. Матвеевтің «Французский язық за один месяц. Самоучитель разговорного языка. Начальный уровень» атты еңбегі, Н.Н. Воропаев пен Ма Тяньюйдің құрастырылымымен 2014 жылы басылған «Китайский язык за один месяц. Самоучитель разговорного языка. Начальный уровень» кітабы, Г.Я.Дашевская мен А.Ф. Кондрашевскийдің «Китайский язык для делового общения + аудиокурс», А.Цавкеловтің «Китайский язык для начинающих», Х.Ширванидің «Арабский разговорный язык», О.А.Берникованың «Арабская грамматика в таблицах и схемах», А.А. Мокрушкинаның «Грамматика арабского языка в таблицах и упражнениях» атты еңбектер қойылды.
Кітапхана пайдаланушыларының қызығушылығын әсіресе «Азияға терезе» сериясымен шыққан қытай тілін бастапқы сатыда үйренушілерге арналған «Учитесь у меня китайскому языку» атты CD-дискілі кітап пен 2013 ж., «Қазығұрт» баспасынан шыққан «English- Kazakh dictionary» сөздігі оятты.
Кітап көрмесімен танысып болғаннан кейін кітапхана пайдаланушылары тілге деген қызығушылықтарын ортаға сала отырып, «өз тіліңнен басқа, өзге тілдерді де үйрену қажет» деген тұжырымға тоқталды. Кітапхана қызметкерлері де олардың ой-талқыларын құптай отырып, әрқашан кітапхана тарапынан білуге деген қызығушылықтары мен құлшыныстарын құптайтындықтарын және көмек көрсететіндіктерін алға тартты. Тілтанымдық тақырыптардағы кітап көрмелері өз жалғасын таба бермек.