М. Әуезов дарынының ұлылығы: әдеби сағат
20 мамыр күні Жоғары гуманитарлық-заң колледжінде кітапхана мамандары дарынды жазушы, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик М. О. Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай «М. Әуезов дарынының ұлылығы» атты әдеби сағатын өткізді. Шарада көрме ұйымдастырылып, көрмеге жазушының шығармалары, оның көп томдық шығармалар жинағы, сондай-ақ «Абай жолы», «Көксерек», «Қилы заман», «Өскен өркен», «Повестер мен әңгімелер» жинағы және т.б. басқа кітаптар қойылды.
Колледж студенттері мен оқытушылары М. Әуезовтің шығармаларымен ғана емес, оның шығармашылығымен, өмірбаяндық деректерімен, он сегіз жасында жазған тұңғыш шығармасы «Дауыл» сияқты өмір деректерімен, «Алаш жастары» одағының ұйымы және тағы басқа фактілермен танысты. Іс-шара барысында М. Әуезов қатысқан баспа қызметі де ерекше атап өтілді, сонымен қатар, студенттер Семей қаласында М. Әуезовтың Жүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп, «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығарып, онда ғылыми және өркениетті ұлттық демократиялық қоғам құру идеясын насихаттайтын әлеуметтік тақырыптардағы оқу материалдары мен мақалалар жарияланғаны жайлы таныс болды.
Оның негізгі шығармасы «Абай жолы» роман-эпопеясына көп көңіл бөлінді. Абай шығармашылығын зерттеу, 1944 жылы жазылған «Абай» операсының либреттосында және 1945 жылы «Абай әндері» фильмінің сценарийінде көрініс тапты.
Екі тілде (қазақ және орыс) өткен шарада М.Әуезовтің сан қырлы шығармашылығы ғана емес, саяси және қоғамдық көзқарастары үшін тұтқындалуына байланысты өмірінің қайғылы беттері де көрініс тапты.