h03    ХІХ ғасырдың ортасына таман Семей қаласының сауда орталығы ретінде атқаратын қызметі маңызы болды. Семей саудагерлері, көпестері батыста Қытай қалаларымен солтүстікте Ресеймен сыртқы сауда байланысын дамытты. Орта Азиядағы сауда айналымына арқау болуға қолайлы орналасқандықтан Ресей патша өкіметі бір бекіністі Ертіс бойындағы Семейге салды. Осылайша ХVІІІ ғасырдың аяғында Семей қаласы Ресей патшалығының жоспары бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы ең ірі сауда орталығына айналды. Осындай мақсатта әсіресе Қазақстанның шығыс өңіріндегі тұрғындарға өз таурларын сыртқы саудаға шығаруға үлкен үлес қосты. Тіпті аталған кезеңде қазақ даласындағы сауданың даму барысы оның болашағы шетел зерттеушілерін де қызықтыра түсті. Себебі, осы өңірден шығарылатын мал және оның өнімдері сыртқы сауда нәтижесі ретінде Қытай қалаларына, Ресей арқылы Еуропаға да жететін. Қазақстанның Шығыс, Алтай өлкесі, яғни Ертіс бойындағы Семей өңірі ХІХ ғасырдың басында-ақ халықаралық сыртқы сауда өнімі ретінде шығаруда негізгі роль атқарды. Осы аймақтағы Ресей патшалығының тауарлары қазақ малымен оның өнімдері ХVІІІ ғасырдың басында Қытай сауда орындарына шығарылды. Мысалы: Н.Г.Андреевтің жазуынша – «сауда қырғыз – қайсақтар мен шекаралас Қытайдың губерниялық қаласы Құлжа арқылы жүргізілді…» Құлжадан Ресей патшалығының шекараларына дейінгі қарауылдар – Катонқарағай Ертіс өзені құятын ең шеткі Зайсан көлі Шұғышақ арқылы Ташкенттіктер Семей қаласымен сауда жасайды.

Қазақтар сыртқы саудаға негізінен жылқы, ірі қара, қой малдарын шығарады және мал өнімдері. Қытайлықтар әр түрлі бұыймдар ыдыс, барқыт қытай бұлдарын саудалайды. Семейдегі 1765 жылдағы ашылған айырбас сауда алаңында қайсақтар сияқты ташкенттіктер бұхаралықтар өз керуендері мен келіп әр түрлі тауарларымен сауда жасайды. Сонымен қатар мұнда орыс көпестерінен 1783 жылы 599 рубль, 1784 жылы 840 рубль салық жиналды. 1783 жылы Семей қаласына бұқаралықтар, Ташкенттіктер, Қашқарлықтар әр түрлі жібек маталарын әкелді. Ташкент темекісі, өрік, алма, аң терілері, барыс, қасқыр, түлкі, т.б. аңдар түрлері саудаға түседі. Міне, осы келтірілген дәлелдер арқылы Семей қаласының сыртқы сауда қызметінің маңызды болғандығын көрсетеді.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Семей өңірінде өнеркәсіп орындары пайда бола бастады. Кең көлемдегі сауда орындарының, жәрмеңкелердің ашылуы, зауыттар мен фабрикалардың сандарының артуы осы қалалардағы халық санының өсуіне де жағдай жасады, қалада сауда мәдениеті дамыды. Бұл туралы А.И. Левшин былай деп жазады: «Айырбас сауда жасау үшін олардың яғни қазақтардың келетін негізгі орыны Ресей шекарасындағы Семей, Өскемен, Петропавл, Омск қамалдары болды». Міне осылардың ішіндегі Семей қаласы уақыт өткен сайын аталған өңірлердегі негізгі сауда жүргізетін орындардың біріне айналды. Мысалы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Семей қаласы арқылы Орта Азия мемлкеттерінен сауда керуендері өткен.

1803 жылы Қытай елімен сауда әрекеттерін Cемей арқылу жүргізу белгіленген указ қабылданды. Мұның алдында қытайлықтар өз саудагерлеріне орыс жерімен қандай да болмасын қатынастар жасауға тыйым салған. Сондай-ақ, орыс көпестері Шәуешек және Құлжа қалалары аймағына да жіберілмеді. Сондықтанда кейінгілер аталған аймақтарға жүк керуендерін негізінен Орта азиялық хандықтар тұрғындары мен татарлардан тұратын приказчиктері арқылы жөнелтетін болған. Міне, осы ”Тәшкенттік және бұқаралық” өкілдері Шәуешек, Құлжа, Қашқар, Ақсу қалаларына еркін кіріп, кері сапарында Семейге алтын, күміс, жібек маталар, кірпіш, қара және көк шәй, басқа да заттар жеткізіп тұрған. Қазақ елінің бірте-бірте Ресейге қосылу процесінің нәтижесінде Қытай шекарасына шығудың мүмкіндіктері де кеңи түсті. Өйткені, XIX ғасырдың бас кезінде Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы арқылы қазақтар мен қытайлардың дербес және тәуелсіз арақатынастары орныға бастады.

1804 жылы Сібір губернаторы Семейдегі таможнядан сол кездегі Қытай елімен Семей арқылы сауда жасаудың мәні мен маңызы жөнінде нақты деректер беруді талап етті. Тұңғыш рет дәл осы тұста Қытай елімен екі ел арасындағы сауда-саттық және басқа да қатынастарды Семей арқылы атқару тиімді екендігі толық шешілді.

Белгілі дәрежеде Синьцзян әкімшілігі де осы аймаққа орыс-қытай сауда қарым-қатынастарының тиімділігіне біршама назар аударып келді. Өйткені, орыс жерінде өндірілетін тауарлар мен шикізат оларды мейлінше қызықтыра түскен. Мәселен, 1804 жылы май айында өскемендік жүз басы Горшков осы мәселе төңіргінде қытайлықтардың мәмлеге келетіндігі жөнінде ақпар тапсырған. Оның мәлімдемесіне қарағанда, Қытай жағы егер Ресей рұқсат беретін болса, Өскеменге өз товарларын жіберіп тұруды ұсынады.

Сонымен орыс мемлекеті әркез Қытаймен қарым-қатынасты сақтауда мейлінше назар аударып келді. Ол үшін өздерінің ресми және жасырын өкілдерін тұрақты жіберіп тұрды. Мәселен, 1811 жылы Сібірлік жеке корпустың командирі Қытай еліне барып қайтқан көпестер тобының атынан Семей бекінісін Қытайдағы Ақсу қаласына арнауулы керуендер жіберіп, тұрудың қажеттігін бекітті. Дәл осы жылы татар көпсінің өкілі ретінде Шәуешек және Құлжа қалаларына аудармашы Н.Путинцев барып қайтты. Осы қалаларға орыстың шұғалары мен жергілікті жерде мал трісін өткізуге айрықша қолайлылығын атап көрсетеді. Бұл кездегі барлық сауда әреккеттері негізінен заттай айырбас тәртібімен атқарылған.

XIX ғасырдың екінші шерігінде крепостнойлық правоның әсеріне қарамастан Ресей өзінің өндіргіш күштерін өркендетуде біршама алға басты. Осымен байланысты өндірілген товарларды ұқсату және сыртқа шығару мәселесі күн тәртібіне қойылды. Осы тұста да Қытай еліне баса назар аударылды. Алайда ол жақтан көптеген кедергілер жасалынып тұрды. Қытайлықтар Ресей ұсынған товарларлы неғұрлым арзан алуға тырысып бақты. Ал оның орнына ішікі жаққа қажетті товарларды жеткілікті беріп тұрмады.

Міне, осы шараларды жүзеге асыруда және Ресейдің Қытаймен, сондай-ақ,Орта Азиямен байланыстар жасаудың орталығы Семей қаласы болып табылды. Оны атақты зерттеуші П. Семенов-Тяньшанский «Азияның жерін тану» еңбегінде әділ атап көрсетеді. Сонымен Шәуешек және Құлжа қалаларымен Семей тікелей екі бағыт арқылы қатынас орнатады. Оның бірі Көкпекті Приказы арқылы Тарбағатай тауының жоталарымен өтетін болса, екіншісі Сергиополь тракты бойынша атқарылған. Сауда керуендері ең қолайлы және тура деп табылған Көкпекті Приказы көбірек қолданылады. Бұл сапарға 12 не 15 күн уақыт кетіп отырды.

Сауда керуендерінің жолында керуеншілерді әртүрлі қауіптер де тосқауылдап күтіп тұрды. Олардың кейбірі жол бойында тоналып, талан-таражға түсіп отырды. Сондықтан да, көпестер өздерінің товарларын және адамдарды қорғауға үздіксіз назар аударып отырды. Әсірсе Қалба, Тарбағатай жатоларында тонаушылар екі жақтан да кездесіп отырды. Осыған байланысты қазақ қарулы командалары шығарып салып отырды. Ол үшін ірі-ірі екруендер құрастырылды, мұндай керуендер жылына бір рет, кейде екі рет қана аттандырылып тұрды. Осындай керуен жолдары семейден Орта Азия елдеріне де жасақталып отырған.

h02 (1)1843 жылдың 1-ші июльінде Сібір сауда-саттық округінің бастығы финанс министрлігіне жолдаған хатында орыс-қытай саудасы екі жаққа бірдей тиімді екендігін және оған Семей көпестерінің айрықша үлес қосып отырғандығын атап көрсетеді. Сонымен қатар, қытайлықтар бұрнғыдай жасырын емес, қытайлықтар орыстармен тура қараым-қатынасқа кіріседі. Осы жылдың соңында қытайлықтардың пікірін зерттеу үшін Құлжа мен Шәуешек қалаларына Россияның діни қызметкері Н.Любимов басқарған т елшілік жіберіледі. 1845 жылдың жазында осы Любимов және аудармашы Костромитинов үлкен керуенмен Семей қаласынан сапарға аттанады. Сөйтіп, Семей арқылы Қытай елімен тура қатынастар жасаудың тиімділііне Санк-Петербургтағы өкімет басшыларының сенімін толық бекітеді. Ол үшін дала және су қатынас жолары тура пайдаланылады. Бұл жөнінде де екі өкімет арасында бірнеше келіссөздер жүргізілді. Сөйтіп, 1851 жылы 25 июль күні Құлжа келісіміне қол қойылады. Ол екі ел арасындағы сауда-саттық қарым-қатынастырды атқарудың тәртібін белгілеген алғашқы ресми документтердің бірі болды. Осы арқылы Құлжа және Шәуешек қалаларына тура және еркін жол ашылды. Сонымен қатар осы қалаларда сауда-саттық орындары мен мекемелді және саудагерлер тұрақтайтын үйлер салуға рұқсат берілді. Олар факторий деп аталды. Осы сауда мекемелерінің орны мен рөлі жөнінде 1856 жылы

 

Құлжаға сапар шеккен ғалым Ш.Уәлиханов өз еңбектерінде біршама мәліметтер берген. 1850 жылы Семей арқылы Батыс Қытайға 466 мың сомның товары жөнелтілсе, ол 1853 жылы 611 мың сомға тең болды. Тиісінше Ресей жерінде осы аралықта 304 және 556 мың сомның товарлары келіп түсті. Ал 1854 жылы Қытайдан келген тауарлардың жалпы құны 1,5 миллионға тең болды. Қытай жерінен келген товарлардың бастысы-шәй болды. Екінші орында күміс тұрды. Күміс орыс-қытай қатынастарын жаңа бір дәржеге көтерді. Семейдегі айырбас сарайының қандай рөл атқарғанын Орталық мемлекеттік архивтің қызметкері К.Сопыбекованың «Такой была родина Абая» атты мақаласынан мына жолдарынан көруге болады: «По данным состояло 1843 г. в Заречной Семипалатинской слободе состояло 166 лавок, а также слады для товаров, принпдлежавшие куппцам, державщим заграничную торговлю и торговлю в степи скотом. Открытый торговли в Семипалатинской слободе в установленное время не существовало. Но блогодаря бесперерывному сообщению города и слободы каждый житель города мог в любое время совершать покупки в слободе в розницу. Оптовая торговля состояла в основном в перепродажа чая для отправки в Коканд и Астрахань. В заречную слободу прибывали казахи из отдаленных волостей. Лавки пополнялись в болшой степи перед Ирбитской ярмаркой или во время прихода караванов, которые во всякое время года прибывали из Чугучака и Ташкента… Окончив деле в Чугучаке, торговцы спешили со свойм товаром в заречные лавки Семипалатинска. А торговцы из Ташкента, возвращавшиеся из Чугучака, рассеивались по всей степи. Главный же караван, возвращавшийся из Кульджи состоял из 300 – 350 верблюдов».

Семейдің сауда орталығы ретіндегі маңызы әсіресе 1804 жылдан бастап Батыс Қытаймен арадағы сауданың жандануына байланысты өсе түскенін осы құжаттан және басқа да еңбектерден көруге болады. Сол кездердегі қаладағы сауданың қалай сипат алғанын Семей өңірінің білгірі болған тарихшы, облыстық басқарманын алғашқы кеңесшілерінің бірі Н.А.Абрамов өзінің «Семипалатинск, как торговый центр (1861)» деген мақаласында «Главная торговля в городе зимой, когда казаки и крестьяне по зимнему пути приезжают из близжающих станций и деревень, тогда жа по льду Иртыша прибывают в город караваны верблюдов из Аягуза и Каркаралинских степей совечьими и бараньими шкурами, сырымикожами, верблюжьей шерстью, веревками и прочими и взамен этих товаров забирают хлеб в зерне, муку, табак, , железоисундуки. В зимний период прибывают в Семипалатинск 1000 верблюдов, которые увозят более пятнадцати тысяч пудов одного хлеба»,-деп жазды.

Қазақстанға біртіндеп нарықтық қатынастардың ене бастауы, қазақтардың шаруашылығына, оның ішінде сауда қатынастарына өзгеріс кіргізді. Біртіндеп айырбас сарайларының орнын жәрмеңкелер ала бастады. Сауда көлеміне байланысты Семей өңірінде басқа да ірі жәрмңкелер болды. Соның ішінде Шар жәрмеңкесінің мал сатудан ғана түскен табысы 1891 жылы 15 940 сом, Семияр станциясындағы –91 900 сом, Сергиополь жәрмеңкесінің табысы 1899 жылы 78 000 сомға жеткен. Жәрмеңкелер қазіргі тауар биржаларын құруға негіз болғаны белгілі. Биржалар бір жағынан қаламен көшпенді халықтың арасындағы байланысты нығайтуда да біршама рөл атқарды. Семей қаласында алғашқы тауар биржасы 1910 жылы 29 маусымда ашылды. Оның пайда болуына Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстардың нығаюы да әсер етті. Семей биржасы Москва мен Петербург ет және мал өнеркәсібі биржаларымен, сонымен қатар Орынбор, Түркістан және кейбір Батыс Сібір қалаларының биржа комитеттерімен тұрақты байланыс жасап тұрған.

Тауар биржасының негізгі мақсаты – жергілікті сауда және өнеркәсіпті қолдау қажеттілігінен туындады. Биржа комитетінің құрамына жергілікті сауда және өнеркәсіп буржуазиясының өкілдері кірді. Сонымен бірге акционерлік компаниялар мен коммерциялық банктердің өкілдері мен биржа мүшесі болды. Семей биржасының мүшелері болып ірі саудагерлер мен өнеркәсіпшілер Л.Мусин, А.Плещеев, Қ.Үкібаев, Красильников, Мұртазин, Мірсалимов, Ғабдулжапаров және тағы басқалар сайланды. Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстардың ұлғаюы, ішкі айырбастың өсуі, жәрмеңкелер, дүкендер санының көбеюі, қоймалар және олардың тауар айналымының артуына ықпал етті. Осының әсерінен қалаларда банкілер ашыла бастады. 1887 жылы Семейде Мемлекеттік банктің бөлімшесі ашылды.

Жалпы, әрі қарай Семей саудасы жақсы деуден гөрі тамаша дерлік деңгейде өркендеп кетті. ХІХ ғасырдың орта шенінде қала тұрғындарының 2688-і өзін көпес санаған, оның ішінде 2-ші гильдия, 346-3 гильдия дәрежесіндегі көпес болған. Қысқасы, Семей Сібірдегі ең қалталы қаланың біріне айналды, бұған оның жәрмеңкелерінің даңқы қосылып, атағы елден елге жерден жерге жетіп, Еуразия кеңістігіне ауадай жайылды. Орта Азия мен Қытайдан тең артқан мыңдаған түйелер келетін Семейге «алтын түйесі» жарқыраған гербтің тағайындалуы (1854) заңды дүние болды.

ХІХ ғасырдың соңғы жылдары, яғни 1886 жылы Семей облысында жалпы көлемі 63 өндірістік орын болды. Олар 15 тері өңдеу, 9 сабын қайнату, 2 шарап жасау, 5 май айыру, 25 кірпіш дайындау, 1 сыра қайнату, т.б. кәсіпорындар болды. 1898 жылы Семей облысындағы өнеркәсіп орындарының саны 72, оның ішінде 55-і қалаларда, 17-і уездерде болды.

Әдебиеттер тізімі:

Ақбергенов Н. Қоянды жәрмеңкесі// Семей таңы.- 1968.- 27 июль
Апсалямов Н. Сұлтанов Ө. Семей және сауда-экономикалық кеңістік // Семей таңы.- 1998. -24 қыркүйек.- б.4
Кашляк В. Сауда байланыстары// Семей таңы.- 1989.-31 август.
Қарасаев Ғ. Қазақстанның шығыс және Алтай өлкесі 19-20 ғасыр басында.- Алматы, 2007.- 47 б.
Касымбаев Ж. Исторя города Семипалатинска (1718-1917 г.г.).- Алматы, 1998
Семей жәрмеңкесі// ҚСЭ т.10.- 1977.- 117 б.