2053-2070 / 2605

«Оқырманға көмек» сауалнамасын талдау

20.04.2015

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы 2015 жылдың басында оқырмандар арасында пайдаланушылардың қалауын анықтап, кітапхана кеңістігі мен қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында «Оқырманға көмек» тақырыбында сауалнама жүргізген болатын.

Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі: поэзия марафоны

18.04.2015

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында қаламыздың № 5511 әскери бөлімшесінің сарбаздарына арнап «Ұлы ерлік- ұрпаққа үлгі» атты поэзия марафонын өткізді.

Біз – жеңістіңұрпақтарымыз: мерекелік концерт

17.04.2015

17 сәуір күні Абай атындағы кітапханасының «Кілт» авторлық клуб мүшелерінің қатысуымен Гарнизондық Офицерлер Үйінде «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» мерейтойлық шаралар бағдарламасы аясында мерекелік концерт өтті.

Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл іс ел үшін!: «Менің Қазақстаным» арнайы пойызы аясында өткен дөңгелек үстел

16.04.2015

2015 жылдың 16 сәуірінде Семейдегі Абай атындағы облыстық кітапханада «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл іс ел үшін!» атты дөңгелек үстел өтті.

Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады… : патриоттық-сазды кеш

14.04.2015

14 сәуір күні біздің кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде «Ұлы Жеңіске 70 жыл» шаралар бағдарламасы аясында, «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады» тақырыбындағы жерлес Ұлы Отан соғысы ардагерлерне аврналған патриоттық-сазды кеш өтті.

Жарқын Пасха мерекесі

12.04.2015

Сәуір айының 12-ші жұлдызы күні, біздің кітапханада барлық православтық христиандардың ең қасиетті мерекесі – Пасхаға арналып, «Жарқын Пасха мерекесі» атты этнографиялық сағат өткізілді.

Семей Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945): виртуалды кітап көрмесінің тұсаукесері

08.04.2015

2015 жылдың 8- сәуірі күні біздің кітапханада Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Семей Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты виртуалды кітап көрмесінің тұсаукесері өткізіліп, ғаламтор пайдаланушыларына жол тартты.

Қазақстан халқы ассамблеясы- қоғамдық келісімнің маңызы тетігі: кітап көрмесі

03.04.2015

3 сәуір күні біздің кітапхананың оқу залында « Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Қазақстан халқы ассамблеясы- қоғамдық келісімнің маңызы тетігі: атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шығыстың ақ Баяны: бенефис-сазды кеш

02.04.2015

02 сәуірде Абай атындағы әмбебап кітапханасының өнер бөлімінде «Өнер өлкесінде» сазды қонақжай клубының аясында, осы үйірменің жетекшісі, бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, әнші, әртіс, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Баян Сағынбаеваның 65 жылдық мерейтойына орай «Шығыстың ақ Баяны» атты бенефис-сазды кеш …

Абайдың дана ойлары: онлайн-конференция

02.04.2015

2015 жылдың 2 сәуірінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана мен Н.Байғанин атындағы Ақтөбе облыстық балалар кітапханасы арасында балалар кітабының халықаралық күніне орай ұлы Абайдың туғанына 170 жыл толуына арналған «Абайдың дана ойлары» атты онлайн-конференция өтті.

Н.Ә Назарбаев «Тарих толқынында»: оқырмандар конференциясы

31.03.2015

31 наурыз күні біздің кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі «Қазақ хандығына 550 жыл» мерейтойлық шаралар аясында, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы бойынша, оқырмандар конференциясын ұйымдастырды.

Ө­нердің қайталанбас өр тұлғасы: шығармашылық сағат

27.03.2015

27 наурызда «Өнер өлкесінде» сазды қонақжай клубы аясында қазақтың маңдайына біткен біртуар ұлы, дарынды композитор, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Теміржан Базарбаевтың туғанына – 80 жыл толуына орай еске алу мақсатында және кітап қорымыздағы сазгердің шығармаларын, жарық көрген кітаптары мен …