1801-1818 / 2614

Аутизмді бірге жеңеміз: қайырымдылық концерті

02.04.2016

Абай атындағы кітапханада «Особенный мир» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2 сәуір күні Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне байланысты аутизмге шалдыққан балаларға қолдау көрсету мақсатында «Аутизмді бірге жеңеміз» қайырымдылық концерті өткізілді.

Пасха

29.03.2016

2016 жылдың 29 наурызында Абай атындағы кітапхананың шетел бөлімі қызметкерлері «Lingua Town» тіл орталығымен бірлесіп, № 8 балалар үйінде католиктердің діни пасха мерекесін өткізді.

Фотосурет сабағы: тренинг

29.03.2016

2016 жылдың 29 наурызында Абай атындағы кітапханада мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Объектив» фотоклубының «Фотосурет сабағы» атты тренингі болып өтті.

Наурыз – татулық пен сыйласымдылық мейрамы: ойын- сөзжұмбақ

20.03.2016

2016 жылдың 20 – наурызы күні Абай атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі қызметкерлері № 5511 әскери бөлімшесінде «Наурыз – татулық пен сыйласымдылық мейрамы» атты іс-шара ұйымдастырды.

Түркі халықтарының көктем мерекесі – Наурыз: этно – көрме

18.03.2016

2016 жылы 18 наурыз күні Абай кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі қызметкерлері айтулы ұлы күн жыл басы – Наурыз мейрамына арнап «Түркі халықтарының көктем мерекесі – Наурыз» атты этно – көрме ұйымдастырды.

Кітапхананың бастапқы есепке алу құжаттары. Кітапхана жұмысында инновациялық әдістерді пайдалану: кәсіби біліктілікті шыңдау курсы

16.03.2016

Кітапхана мамандарының кәсіби дәрежесін көтеруде, білімдерін үздіксіз жетілдіруде семинар-тренингтер, біліктілікті көтеру курстары, әріптестермен тәжірибе алмасу  ерекше орын алады. 2016 жылдың наурыз айының 15-16-шы жұлдызы аралығында Абай атындағы  кітапханаға қарасты  аймақ кітапханаларының мамандары «Кітапхананың бастапқы есепке алу құжаттары. Кітапхана жұмысында инновациялық …

Абайтану ілімінің білгірі: ашық диктант

15.03.2016

Наурыз айының 15-ші жұлдызы күні кітапханада Семей қаласы №10 ЖББМ 10 «а» орыс сыныбы оқушылары және Семейдің көлік, «Қайнар» колледждері студенттерінің арасында ғалым, абайтанушы Қайым Мұхаметхановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Абайтану ілімінің білгірі» атты ашық диктант ұйымдастырылып, өткізілді.

Жыл басы – Наурыз!: фотосессия

13.03.2016

2016 жылдың 13 наурызында Абай атындағы кітапхана қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Объектив» фотоклубының мүшелеріне «Масленица» қалалық мейрамында тақырыптық фототүсірілім ұйымдастырды.

Күй мен күйші құдіреті: кітап көрмесі

09.03.2016

Абай атындағы кітапхананың өнер бөлімінде «Күй керуені» үйірмесінің аясында 9 наурыз күні дәулескер күйші, домбырашы Қаршыға Ахмедияровтың 70 жылдық мерейтойына орай «Күй мен күйші құдіреті» тақырыбында кітап көрмесі өткізілді.

«Әйгілі әйелдер»: кітап көрме

08.03.2016

Абай атындағы кітапхананың шетел әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйгілі әйелдер» атты тақырыбында оқырмандарға кітап көрмесін ұйымдастырды.

Бәрі де сен үшін: шығармашылық кеш

06.03.2016

Наурыздың 6 күні Абай атындағы кітапханада «Кілт» авторлық әндерді орындаушылардың клубы сүйікті де, аяулы әйелдер қауымына арнап «Бәрі де сен үшін» атты шығармашылық кешін өткізді.

«Жанды кітап» әңгіме-сұхбат

06.03.2016

6 наурыз күні сағат 15.00-де Абай атындағы кітапхана ОФ «Казахстандағы жастардың ақпараттық қызметі» қоғамдық қорымен бірлесіп «Жанды кітап» шарасын өткізді.