14 қазан күні Абай атындағы кітапханада «Терроризмге жол жоқ!» атты көрме-ескерту ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: жастарға терроризмнің қаңшалықты қауіпті екендігін, сананы улайтын сансыз теріс ағымдардың соңынан кетпеу керектігін сақтандырып ескерту. Бүгінгі таңда терроризм бүкіл дүниежүзін алаңдатып отырған ең қауіпті, ең күрделі, …
13 қазан күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «Тәуелсіздік мерейтойына – 25 игі іс» акциясы шеңберінде «Қазақстан Республикасының Қызыл Ай Қоғамының медбикелік күтім ауруханасында» «Мейірімділік айы» акциясы аясында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Кітапхана жыл сайын осындай қайырымдылық акцияларды өткізуді дәстүрге айналдырып отыр. …
2016 жылдың қазан айының 11-і күні «Тәуелсіздік мерейтойына – 25 игі іс» акциясы аясында ұйымдастырылған «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы өз мәресіне жетіп, қорытындыланды. Кітапхана әкімшілігі акцияға белсене қатысып, өздерінің кітап сөрелерінен кітапханамызға кітап сыйлаған қала тұрғындары Байгужинов Кенжебек Ақанұлына, Сабырбаева …
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының Интернет орталығында 2016 жылғы 3-7 қазан аралығында «Компьютер негіздерін меңгеру» атты тренинг өткізілді. Шараға 3 пайдаланушы қатысты. Қатысушылар тренингте компьютер негізін меңгеріп: мәтінмен, суретпен жұмыс жүргізу, құжаттарды жасау жұмысымен және Windows операциялық жүйесінің …
8 қазан күні Шығыс өңіріндегі қос халықтың қос ақынының атымен аталатын – Семей қаласындағы Абай атындағы және Өскемен қаласындағы А.Пушкин атындағы кітапхана Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап Астана қаласындағы Шығыс Қазақстанның мәдени күндері аясында ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында «Шығыс …
7 қазан күні кітапханамызда «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік індет» тақырыбында бейнеролик көрсетілімі ұйымдастырылды. Кітапхана қызметкерлері «Авицена» колледжі студенттерінің назарына ұсынылған бейнеролик барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңындағы баптарға тоқталып, жастар өз ойларын ашық айтып, шара пікірталасқа ұласты. …
Белгілі жазушы, драматург, аудармашы, Халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Бүкіләлемдік өнер және мәдениет академиясының академигі, жерлесіміз Роллан Шәкенұлы Сейсенбаевтың туғанына 70 жыл толуына орай, 5 қазан күні Абай атындағы кітапханада «Ел үшін елжіреген жүрек» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: …
Абай атындағы әмбебап кітапханада 2016 жылдың 29 қыркүйегі күні Шымкент қаласындағы Отырар облыстық кітапханасының қызметкерлері, кітапхана пайдаланушылары үшін есімі қазақ тарихында алтын әріппен жазылған қазақтың біртуар азаматы, ғалым, аудармашы, драматург, қайраткер – Қайым Мұхамедханұлының 100 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық рухтың …
Биылғы жыл ЮНЕСКО көлемінде «Қожа Ахмет Яссауи жылы» болып жарияланды. Демек, әлем халықтарының назары Қазақстанға ауатын, Ұлы Дала Елінің асқаралы рухын асқақтата түсетін абыройлы жыл болды. Атаулы оқиғаға орай Қожа Ахмет Яссауидің өмірден қайтқанына 850 жылдығына арнап 28 қыркүйекте кітапхана …
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 2016 жылғы 20-27 қыркүйек аралығында «Отбасы орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп жүргізетін жобасының шеңберінде «Компьютер меңгерудің негіздері» атты тренинг өткізілді. Шараға 36 мен 73 жас аралығындағы төрт қатысушы қатысты. Қатысушылар тренингте компьютер негізін меңгерді …
24 қыркүйек күні Қала күні мерекесіне орай Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Өткені – өнеге, бүгіні – бекем, болашағы жарқын – Семей» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхананың бай өлкетану қорына шолу жасалды. Семей – 300 мыңнан артық халқы бар еліміздегі үлкен …
23 қыркүйек күні Абай атындағы әмбебап кітапханасында Тіл апталығы аясында көлік колледжі студенттерінің қатысуымен «Кітапты сүйіңдер!» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Шараның мақсаты: студенттердің мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту, кітап оқуға …
22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні жыл сайын елімізде түрлі шаралармен аталып өтіледі. Осыған орай Абай атындағы кітапханада қаламыздың №6 мектеп-гимназия оқушылары үшін үш тілді меңгеру туралы мазмұнды шаралармен қамтылған тілдер байқауын өткізді. Шараның мақсаты: оқушыларды туған тілі мен …
Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 2016 жылғы 15-16 қыркүйегінде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырған «Әлем. ХХІ ғасыр. Оқу арқылы рухани үндестік пен мәдениетке» тақырыбында өткен …
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы «Отбасы орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп, компьютерлік сауаттылыққа үйрету бойынша жаңа жоба бастады. 2016 жылғы 13-19 қыркүйек аралығында жоба шеңберінде «Компьютер меңгерудің негіздері» атты тренинг өткізілді. Шараға бес зейнеткер хабарландыру бойынша жазылып қатысты. Қатысушылар …
17 қыркүйек күні Абай атындағы кітапханада 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне байланысты, мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Мемлекеттік тіл – ұлттық казына» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тіл – қай елде болмасын қастерлі, құдіретті рухани, әрі тарихи …
16 қыркүйек күні Абай атындағы кітапхана балалар аула клубтарының кезекті бесінші слетінің өтуіне ат салысты. Слет бүкіләлемдік парктер маршы аясында өткізіліп, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. Шараның өтуіне Ішкі саясат бөлімі, Білім басқармасы, Төтенше жағдайлар басқармасы, «Семей орманы» мемлекеттік …
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында кітапханашы мамандардың кәсіптік біліктілік жетілдіру мақсатында оқыту кеңес ұйымдастырылды. Білім беру шарасына 12 кітапханашы маман қатысты. Қазіргі кітапхана қызметінің маңызды аспектілері болып табылатын жаңа техникалық және бағдарламалық технологиялар, қызықты бағдарламалар, оларды кәсіби қызметтерінде …