1-18 / 2629

Хиросима бейбітшілік тасы: акция

29.08.2015

29 тамыз 2015 жылы Абай атындағы кітапхана қызметкерлері бейбітшілік акциясы шеңберінде өткізілген «Хиросима бейбітшілік тасы» бейбітшілік нышанын табыстау рәсіміне белсенді түрде қатысты.

Жунусова Айгуль: Конституция күніне орай марапат

25.08.2015

2015 жылдың 25 тамыз күні Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Абай кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Жүнісова Айгүл Тұрсынханқызы «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталды. Салтанатты марапаттау рәсімі Өскемен қаласындағы Металлургтер мәдениет сарайында болып өтті.

Әлемге танылған тұлға атты кітап көрмесі

15.08.2015

15 тамыз 2015 жылы Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерей тойы аясында қалалық мәдениет үйінде Шығыс Қазақстан , Қарағанды, Павлодар облыстарының мемлекеттік қызметкерлер арасында өткізілген конкурска «Әлемге танылған тұлға» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Абай:ашылмай келген қырлары: абайтанушы А. Омаровпен әңгіме-сұхбат

10.08.2015

2015 жылдың 10 тамызында Абай атындағы кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №5511 әскери бөлімінде техника және философия ғылымдарының кандидаты, абайтанушы Асан Омаровпен «Абай: ашылмай келген қырлары» атты кітабы жайында әңгіме-сұхбат болып өтті.