1-18 / 2629

С.У. Картоевпен кездесу

24.12.2015

2015 жылдың 24 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Невада — Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалыстың вице-президенті С.У. Картоев қаладағы зиялы қауым өкілдерімен, Шәкәрім атындағы университеттің студенттері және БАҚ өкілдерімен есептік кездесуін өткізді.

Алақай, Ғажайып ертегілер- кітапханада: суретті кітап көрмесіне шолу

24.12.2015

2015 жылы 24 желтоқсанда Абай атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі қоры ҚР Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша «Фолиант» және «Аруна» ЖШС баспаларынан шыққан балаларға арналған ертегі кітаптармен толықты.

Туған күн иесі: құттықтау сағаты

18.12.2015

2015 жылдың 18 желтоқсанында Абай атындағы кітапханада «Исток» ҚБ бастамасымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Туған күн иесі» атты мерекелік іс-шара болып өтті.

Кітапхана оқырмандарының қанағаттанушылық деңгейі: сауалнама

15.12.2015

2015 жылдың қараша-желтоқсан айларында кітапхана пайдаланушыларының арасында көрсетілетін қызмет сапасымен, кітапханадағы ыңғайлылықпен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында дәстүрлі сауалнама жүргізілген болатын.

Құсмілия Жырғалұлы: мемлекеттік марапаттар

15.12.2015

Абай атындағы кітапхананың қоғаммен байланыс және көпшілік іс-шаралар бөлімінің менеджері өнертанушы, ақын, Құсмілия Жырғалұлы Нұрқасым VI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған конкурстың «Қазақ хандығының 550 жылдығы» және «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы» аясында халықтар достастығын бейнелейтін ірі және …

Жаңа Жолдаудың бағыттары: веб ашық хат

11.12.2015

2015 жылы 11 желтоқсанда Абай атындағы кітапханасында жаңа Жолдаудың стратегиялық бағыттарына сәйкес халықтың ақпараттық және азаматтық белсенділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатындағы үйымдастырылатын іс-шараларға қосымша көмек ретінде екі тілде веб ашық хаттар құрастырылды

Елбасы Жолдауындағы әлеуметтік саясат: әлеуметтік лекторий

11.12.2015

2015 жылдың 11 желтоқсанында Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Семей қ. Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесінде «Елбасы Жолдауындағы әлеуметтік саясат» деген тақырыпта әлеуметтік лекторий ұйымдастырды.

Алаш және тәуелсіздік: дөңгелек үстел

09.12.2015

Абай атындағы кітапханада 9 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздік күні мен Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы қарсаңында «Алаш және тәуелсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Президент Жолдауы: болашаққа көзқарас: бейресми әңгіме

08.12.2015

8 желтоқсан күні Абай атындағы кітапхананың оқу залында облыстық халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Вице-президенті Шарипбаев Орал Тоқтарұлының қатысуымен 30 қараша күні жарияланған Президент Жолдауын талқылауға қатысты бейресми әңгіме өткізілді.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту мәселелері: дөңгелек үстел

04.12.2015

2015 жылдың 4 желтоқсанында Абай атындағы әмбебап кітапханасында халықаралық мүгедектер күніне орай «Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы шешімімен 3 желтоқсан халықаралық мүгедектер күні болып белгіленді.

Президент жолдауы – болашаққа көзқарас: көрме, пікірталқы

04.12.2015

2015 жылы 4 желтоқсанда Абай атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі қызметкерлері Қазақстан Республикасының Елбасының 2016 жылғы халыққа жолдауы кітапхана пайдаланушылары арасында «Президент жолдауы – болашаққа көзқарас» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастыра отырып кең ауқымда талқылады.

«Кілт» клубы «Ақ ниет» волонтерлар клубының мерекесінде

03.12.2015

3 желтоқсанда Абай атындағы кітапхананың «Кілт» авторлық әндерді орындаушылардың клуб мүшелері Д. Қалматаев атындағы медициналық колледжінде ұйымдастырылған Волонтерлар күні мерекесіне қатысып қайтты.

Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму: ұжымдық талқылау

03.12.2015

2015 жылдың 3 желтоқсанында Абай атындағы кітапхана қызметкерлері ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

Менің балалық шағымның аспаны: бейнелеу өнері бойынша қалалық шығармашылық сайыс

01.12.2015

2015 жылы 1 желтоқсан күні ШҚО Абай атындағы кітапханада Семей қалалық көркемсурет мектебімен бірлесе 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай «Менің балалық шағымның аспаны» атты бейнелеу өнері бойынша қалалық шығармашылық сайыс ұйымдастырылды.