• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • «Адамзаттың Абайы»: республикалық ғылыми онлайн конференциясы

«Адамзаттың Абайы»: республикалық ғылыми онлайн конференциясы

  • 12.05.2020

2020 жылдың 11 мамыр күні ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасы Қазақстан Жазушылар Одағы Семей филиалымен бірлесіп Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында «Адамзаттың Абайы» тақырыбында республикалық онлайн ғылыми конференциясын ұйымдастырды.

Шараға Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз, Түркістан, Семей қалаларынан абайтанушы ғалымдар мен зерттеушілер, ақын-жазушылар, тарихшылар, әдебиеттанушылар және кітапханашылар қатысты.

Алғы сөзді модератор Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Аязбаева Гүлмира Мұратқызы бастады. Ол ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің «ХХІ ғасырдағы Қазақстан және Абай» мақаласы төңірегінде ой қозғады.

Одан әрі конференция ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор ҚҰ ҒА-ның академигі, абайтанушы Ғ.Есімнің «Абай – қазақ ойын сақтаушы және оны әлемдік деңгейге көтеруші» атты зеріттеуімен жалғасын тапты. «Ойсыз жұрт, халық болып бірігіп, елдігін құрай алмайды. Халықтық ойды білдіруші хакім Абайдың өзі айтқандай единицалар, яғни тұлғалар, нақтырақ айтсақ, хакімдер мен әулиелер» – деп сөзін нақтылады.

Сөз кезегін алған ф.ғ.д., Семей мемлекеттік Шәкәрім университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.С.Еспенбетов «Абайдың туған күні хақында»  баяндамасында  Қайым ұстазымыз Абайдың туған күні деген дерекке Абай мұрасын және Абайдың ақын шәкірттерін зерттеуші Кәкітайдың ұлы Әрхамның деректеріне сүйенетіндігі туралы жеткізіп, «Қазақ елінің күнтізбесінде Абайдың туған күні 23 (ескі 10) тамыз, қайтыс болған күні 5 шілде (ескіше 23 маусым) екендігі барша басылымдардан орын тебуі керек. Ендігі жерде өнбейтін дауды қопсытудың, қопарудың жөні жоқ», – деп нақты деректермен дәйектеді.

Байланысты философия және теология ғылымдарының докторы, профессор.  Қожа Ахмет Иасауи атындағы халықаралық қазақ түрік университеті Ясауитану ғылыми зерттеу орталығының  директоры Д.Т.Кенжетаев жалғап, «Абайдың діни танымы» аясында сөз етті. Сол кездегі наным-сеніммен Абай үшін білімнің бастауы медреселер болғанын тілге тиек етті.

Өз кезегінде конференцияны М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, профессор С.Қ.Қорабай өзінің «Абай – әлемдік өркениеттің рухани қазынасы» атты баяндамасымен толықтырды. Ол «Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, әдебиеті мен өнерінің асқар шыңын бейнелеген Абайды тану қазақтың өзін-өзі тануы деп айқындау керек» – десе, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі Ә.А.Найзабаев «Абай шығармаларындығы автобиографизм» тақырыбын талқыға салып, өзінің зерттеуінде тапқан Абайдың жаңа афоризмін таныстырды.

Желідегі байланысты жалғаған Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі директорының м.а. Т.Қ.Шаңбай «Абай музейі – рухани орталық» – деп қатысушылар назарын аударып музейдің кешегі мен бүгіні жайлы мағұлмат берді.

Шараның шарықтау шегінде сөз алған ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы Семей филиалының басшысы М.Қарт «Абай аудармалары және әлем әдебиеті» тақырыбын алға тартты. Абай мұрасы ішінде аудармаларының орны бөлек екенін, оның жас ұрпаққа үлкен үлгі екенін орайын келтіріп, Абай мұраларын аударатын орталық ашылу керек деген өзінің ұсынысын жеткізді.

Байланыс соңында Абай атындағы кітапхана қызметкері Ж.Ә.Манжибаева «Сирек басылымдардағы Абай» атты құнды деректер  ұсынып, кітапханамыздың сирек басылымдар  қорындағы  Абайдың қайраткерлік қызметін көрсететін басылымдармен таныстырды.

Онлайн конференцияның соңында Гүлмира Мұратқызы барша қатысушы қонақтар мен желіде тамашалаған көрермендерге алғысын білдірді. Конференция жұмысы барысында көтерілген мәселелер бойынша жазылған хаттама М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтына жіберілетіндігі, конференция материалдарының жарыққа шығарылатындығы, ғалымдардың баяндамаларының толық мәтіні  кітапхана сайтына орналастырылатындығы  және абайтанушылармен тікелей эфир арқылы онлайн байланыста болатынын жеткізіп, өзінің тұжырымды сөзімен, тұшымды ойымен аяқтады.

Есім Гарифолла Қабдыжаппарұлы
Еспенбетов Арап Слямұлы
Кенжебаев Досай Тұрсынбайұлы
Қорабай Серікқазы Сыбанбайұлы
Найзабаев Әлімбай Аманбайұлы
Манжибаева Жаңылгүл Әділбекқызы

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық рәміз – ұлт рухы: әдеби сағат
05мау.2025
Менің Қазақстаным: ақпараттық сағат
04мау.2025
«Еліміздің негізгі рәміздері»: ақпараттық сағат
04мау.2025
Рәміздер – біздің рухымыз, біздің бастауымыз: кітап көрмесі
03мау.2025
Оқимыз, ойнаймыз, көңіл көтереміз: мерекелік бағдарлама
02мау.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now