Экрандағы ертегі: слайд-викторина
20 шілде күні Абай атындағы кітапханада «Жазғы мектеп оқуы» жобасы шеңберінде әйгілі ертегілердің желісі бойынша «Экранындағы ертегі» тақырыбында викториналық ойын өткізілді.
Ертегілерде жақсылық міндетті түрде жамандықты жеңетіні туралы оқиғалар баяндалады. Ертегі тұнып тұрған қиял-ғажайып. Онда жануарлар адам тілімен сөйлейді, батырлар айдаһарлармен, жын-перілермен, құбыжықтармен шайқасады. Ертегілер бізді қиял қанатында түрлі уақыттар мен әлемдерге әкетіп, мейірімділікке, адалдыққа, батылдыққа үйретіп қуантады, кейде біздің нақты өмірімізді түсінуге де көмектеседі. Ал ертегі әлемі балалық шақтан басталады: «Үш аю», «Қызыл телпек», «Шалқан» және «Бауырсақ» т. б. ертегілер
Ертегілердің ең үлкен білгірлері әрине, балалар болып табылады. Ойын барысында балалар өздері сүйіп оқитын ертегілерімен бөлісті. Экраннан балаларға жасырылған ертегі кейіпкерінің суретіне қарап оның қай ертегіден екенін табуы керектігі туралы тапсырма берілді және ертегіде кездесетін жан-жануарлар жайында жұмбақтар жасырылды. Балалар барлығы дерлік белсене қатысып бұл көрініске жарыса жауап берді. Ұсынылған ойындар өте қызықты өтті. «Есіңе ал да, ойлан тап» сайысында қай ертегіден алынған үзінді екенін анықтау, сайыс тапсырмасы бойынша ертегінің кейіпкерін білу, «Сиқырлы сандықшада» балалар жасырылған ертегілердегі заттарды анықтау керек болды. Ойындарды өткізу барысында балалар ертегілер бойынша өздерінің таным-білімдерінің қандай дәрежеде екенін көрсетті. Бүлдіршіндер ертегілердің көптүрлілігінен адаспас үшін, балалар әдебиеті бөлімінде жаңадан келіп тускен қызықты кітаптарға, ертегілерге әдеби шолу ұсынылды. Іс-шараның соңында балалар кітаптардың парақтарындағы жарқын суреттерді қарастырып, бір-біріне ертегілерді оқып берді.