2269-2286 / 2612

Үлгілі отбасы – ел дамуының кепілі: тақырыптық сағат

15.05.2014

Қазіргі қоғамдағы отбасының маңызы туралы студент жастардың ақпарат алу деңгейін арттыру мақсатында Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана қызметкерлері Халықаралық отбасы күніне орай, Радиотехника және байланыс колледждің студенттеріне арнап «Үлгілі отбасы – ел дамуының кепілі» атты тақрыптық сағат өткізді.

Кітапхана түні – 2014

26.04.2014

Абай атындағы кітапханасы “Нұр Отан” ХДП Жоғарғы партия мектебінің Шығыс Қазақстан аймақтық филиалы және «Еураз-шоу» ән-би театры бірлесіп 2014 жылы 26 сәуірде кешкі саған 18:00-22:00-ге «Кітапхананың түнгі әлемі» мерекелік іс-шарасын өткізіп, қала тұрғындарына түрлі мәдени шаралар ұсынды.

Тамыры терең татулық : этно-мәдени фестиваль

25.04.2014

2014 жылы 25 сәуір Абай атындағы кітапханасы өнер және шетел әдебиеті бөлімі қызметкерлері бірлескен түрде, «Біз біргеміз, мықты біздің іргеміз!» жобасы аясында 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Тамыры терең татулық» атты этно-мәдени фестивальі мен халықтар достығына арналған кітап көрмесін …

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде: кітап көрмесі

25.04.2014

25 сәуір 2014 жылы Абай атындағы кітапхана қызметкерлері, қалалық мәдени бөлімі және Білім беру департаментімен бірлесе отырып, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты фестивальды ұйымдастыруда мемлекеттік тілдің дамуы мен қолдау барысына белсене атсалысты.

Өлке құндылығын сақтау: «Мәңгілік Ел» мәйегі: аймақтық семинар

24.04.2014

2014 жылдың 24 сәуірінде Бородулиха орталық кітапханасында Абай атындағы облыстық кітапхана мамандарының ұйымдастыруымен Абай, Қайнар, Бородулиха, Бесқарағай аудандары, Семей ОКЖ-і, Курчатов қалалық және Мұқыр ауылдық кітапханашыларының қатысуымен аймақтық семинар өтті. Семинарға 51 кітапхана маманы қатысты.

10 жылдыққа – 10 семейлік қаламгерлерден тарту: сый кітап

22.04.2014

Абай атындағы кітапхананың бастамасымен Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының құрылғанына 10 жыл толуына орай 10 жергілікті қаламгер, ғалымдардың қолтаңбасымен сый кітаптарын жіберді.

Кітап ғасырлар мұрасы: электрондық тұсау кесер

18.04.2014

Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 2014 жылдың 18 сәуірі күні бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық қорғау күні қарсаныңда көп салалы колледж студентеріне «Кітап ғасырлар мұрасы» электрондық тұсау кесер ұйымдастырды.

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықкүні: кітапханаға саяхат

17.04.2014

Абай атындағы кітапханада 2014 жылдың 17 сәуірі күні дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орайластырып «Авиценна» колледжінің 1 курс студенттеріне кітапханаға саяхат ұйымдастырылды.

Америкалық қонақтар кітапханада: кездесу

17.04.2014

2014 жылдың 17 сәуір күні Абай атындағы кітапхананың Америка бұрышы аясында Америка елінің азаматтары ғылыми қызметкер – Бетте Хайли мен энергетика саласының маманы- Ник Кавеллеромен кездесу ұйымдастырылды.

Әлемді кітаппен бірге ашамыз: библиодесант

16.04.2014

2014 жылы 16 сәуірде Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «23 сәуір – Бүкіләлемдік кітап және автор құқығын қорғау күніне» орай қалалық Орталық саябақ алаңында және «Шәкәрім» кітаптар үйі» дүкені алдында «Әлемді кітаппен бірге ашамыз!» атты библиодесант ұйымдастырды.