2359-2376 / 2849

Үйдің сәндік интерьері: фото – көрме

21.01.2015

Абай атындағы кітапхананың өнер бөлімінде 21 қаңтар күні «Үйдің сәндік интерьері» атты қазіргі заманға сай үй жиһаздарының түрі, үйді әсемдеуге арналған сәндік бұйымдардан сыр шертетін көркемсуретті кітаптар мен журналдардан топтастырлыған фото – көрме ұйымдастырылды.

Көшпенділер өркениетін танушы: кітап көрмесі

16.01.2015

2015 жылдың қаңтар айының 16 жұлдызында Абай атындағы кітапханасында «Көшпенділер өркениетін танушы» айдарымен аса көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толуына орай, жазушының өмірі мен шығармашылығынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ғасыр сазын тербеген: тақырыптық әңгіме

15.01.2015

Қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған дара тұлға – Нұрғиса Тілендиевтің туғанына биыл 90 жыл. Абай атындағы әмбебап кітапханасының өнер бөлімінде 2015 жылы 15 қаңтар күні ұйымдастырылған Ғасыр сазын тербеген атты тақырыптық әңгіме сазгердің мерейтойына арналып …

Білікті маман – заман талабы: кітапханалық-библиографиялық сабақ

15.01.2015

2015 жылдың 14 қаңтарында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханада М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Кітапхана ісі» факультетінің өндірістік тәжірибе алуға келген 25 білімгерлерімен кітапханалық-библиографиялық сабақ өткізілді.

Ортаға салсам ойымды: бейнежазба

13.01.2015

2015 жылы қаңтардың 12-13 күндері Абай атындағы кітапхананың ақпараттық библиографиялық бөлімі Ұлы Абайдың туғанына 170 жыл толуына орай қаламыздың ардақты азаматтары-абайтанушы Т.С.Ибрагимовпен; абайтанушы, Мәдениет қайраткері М.Қ. Жүнісовамен; өлкеміздің қадірменді ақсақалы Б.Исабаевпен және Республикалық «Абай» журналының бас редакторы, ақын М. Оспановпен …

Жаңа кітаптар, Сіздер үшін!: кітап көрмесі

09.01.2015

Абай атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі 2015 жылдың 9 қаңтарында «Жаңа кітаптар, Сіздер үшін» тақырыбында кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптарды таныстыру мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Театр өнерінің жауһарлары: көрме-шолу

08.01.2015

Абай атындағы әмбебап кітапханасының өнер бөлімінде 2015 жылдың 08 қаңтары күні ұйымдастырылған «Театр өнерінің жауһарлары» көрме шолу Жандарбеков Құрманбек пен Қанабек Байсейтовтің туғанына 110 жыл толуына арналған.

Технодом: қайырымдылық сыйы

20.12.2014

Міне, екі жыл қатарынан «Технодом» Сауда үйі ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасына Жаңа Жыл мерекесі қарсаңында қайырымдылық көмек ретінде сыйлық сыйлауда, өткен жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Объектив» фотоклубына арналған фотоаппараттар болса, биылғы жылы фотоклубтың толыққанды жұмыс жасауы үшін суреттерді …

Салтанаты шеру: тұсаукесер

19.12.2014

19.12.2014 Абай атындағы әмбебап кітапханасының өнер бөлімі «Шебер қолдар», «Үкілі домбыра», «Гитара сазы», «Би шәшу» әуесқойлар үйірмелер бірлестіктерінің тұсаукесер шеруін өткізді.

Қазақ бұлбұлы: тақырыптық көрме

18.12.2014

Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың туғанына 85 жыл толуына орай Абай атындағы кітапхананың өнер бөлімінде Қазақ бұлбұлы тақырыптық көрме ұйымдастырылып, шолу өткізілді. 2014 жылдың 18 желтоқсанында өткізілген іс-шараға Семей медицина академиясының студенттері және «Достық құшағы» ән-би ұжымының әншілері қатысты.

Тәуелсіздік –қасиет тұнған ұлы ұғым: экспресс-мінбе

15.12.2014

2014 жылдың 12 желтоқсан күні Абай кітапханасы қызметкерлері әскери полиция қызметкерлеріне арнап Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік –қасиет тұнған ұлы ұғым» атты экспресс-мінбе ұйымдастырды.

Желтоқсан құрбандары – Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары: онлайн-диктант

12.12.2014

2014 жылдың 12-желтоқсаны күні, сағат 15:00-де, бір мезгілде облыс қалалары мен аудандарында тұңғыш рет Шығыс Қазақстан облыстық А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында, қазақ тілінде ашық диктант өткізілді.