3 маусым күні Абай атындағы кітапханада 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер» атты №37 мектеп – гимназияның «Балауса» жазғы балалар лагері оқушыларына тәрбие сағатын өткізілді. Іс-шараның мақсаты: балалардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері және олардың …
2 маусым күні «Нұр Отан – балаларға!» республикалық акциясы аясында Семей қалалық «Нұр Отан» партиясы, «Исток» қоғамдық ұйымы және Абай атындағы кітапхана «Қош келдің жайдарлы жаз!» атты балалар мерекесін өткізді.
02 маусым күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік нышаны» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Абай атындағы кітапхана 1 – маусым балаларды қорғау күніне және балалар әдебиеті бөлімінің ашылу салтанатына орай «Бақытты балалар – бейбіт елдің тірегі» атты мерекелік кеш өткізді.
Абай атындағы кітапханада 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Азалы тарихқа айрықша тағзым» тақырыбында еске алу кеші өткізілді. Кешке қатысушы қонақтарды Алаш арыстарының өмірі мен қоғамдық қызметіне, шығармашылығына арналған «Алаш арыстарының асыл мұралары» тақырыбындағы кең көлемді …
Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Семей қаласының ішкі саясат бөлімімен бірге «Тәуелсіздік мерейтойына – 25 игі іс» акциясы шеңберінде 26 мамыр күні Семей қаласындағы ОВ 156/15 мекемесінде Абай атындағы кітапханаға бейне -экскурсия өткізіп қайтты.
25 мамыр күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «Тәуелсіздік мерейтойына – 25 игі іс» акциясы шеңберінде Қызыл Жарты Ай қоғамының Семей аймақтық филиалының емдеу мекемесінде «Нақты тұрағы жоқ жандар үшін кітапхана» акциясын өткізді.
Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай 25 мамыр күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Ішкі саясат бөлімімен бірге «Тәуелсіздік мерейтойына – 25 игі іс» акциясы шеңберінде Семей қаласындағы ОВ 156/15 мекемесінде «Абай атындағы кітапханаға бейне –экскурсия» өткізіп қайтты.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының Интернет орталығында 2016 жылғы 17-23 мамыр аралығында «Компьютер негіздерін меңгеру» атты тренинг өткізілді.
24 мамыр күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «Тәуелсіздік мерейтойына – 25 игі іс» акциясы шеңберінде Семей қаласындағы тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғаларға арналған бейімдеу орталығында «Нақты тұрағы жоқ жандар үшін кітапхана» акциясын өткізді.
“Бір ел – бір кітап” республикалық акциясы жылдағы дәстүр бойынша өз жұмысын жалғастыруда. “Бір ел – бір кітап” акциясының жыл таңдауы бойынша биыл Дулат Бабатайұлының “Өсиетнама” кітабын оқитын болды..
23 мамыр күні Абай атындағы кітапханада Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, Семей қаласы әкімияты және қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұй ымдастыруымен салтанатты жиын өтті.
21 мамыр күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері жалпы білім беретін №20 орта мектепте өткен «Ашық есік күні» және Ахмет Байтұрсынов атындағы көшесінің мерекесіне қатысып қайтты.
20 мамыр күні Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні қарсаңында, кітапхана саласын дамытуға қосқан үлесі және кітап оқу мәдениетін қалыптастырудағы ерен еңбегі үшін әріптестеріміз: Мағауина З.Т., Саягуб С.О, Қалижанова Ә.Ж., Парфенович М.И. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының алғыс хатымен марапатталды.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаныңда 1916 жылғы Ұлт-Азаттық көтерілістің басталғанына 100 жыл толуы аталып өтілуде. Абай атындағы кітапханада «Амангелді Иманов, Тоқаш Бокин, Әліби Жангелдин – ұлт-азаттық көтерілістің жетекшілері» атты хабарлама сағаты ұйымдастырылды.
19 мамыр күні Абай атындағы кітапханада ШҚО мектеп оқушылары арасында «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ Творчестволық бірлестігінің ұйымдастыруымен оқушылардың интеллектуалды шығармашылығының дамуына және заманауи білікті азамат болып қалыптасуына үлес қосу мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тірегім, теберігім!» …
19 мамыр күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Көңіл-күйді көтер! Жүктеп ал да, оқы» тақырыбында QR кодталған кітаптар көрмесінің тұсаукесері өткізілді.
Жалпы білім беретін мектептердің түлектерінің бірыңғай ұлттық тестілеу тапсыруға санаулы уақыттары қалды. 19 мамыр күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «Жанұя орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп Озерка ауылының Орта мектебінде мектеп бітіруші түлектерге арналып библиодесант өткізді.