1315-1332 / 2605

Наурыз – көктем мерекесі: мерекелік сағат

16.03.2018

Наурыз айының 16 күні  Абай атындағы кітапханада Ұлысты ұлы күні наурыз мерекесіне орай «Сиқырлы қалам» үйірмесінің мүшелерімен  «Наурыз – көктем  мерекесі»   тақырыбында  мерекелік сағат ұйымдастырылды. Шара барысында балаларға 22 наурыз Ұлыстың ұлы туралы ақпарат беріліп,  шараға қатысушыларға наурыз күніне орай …

«Наурыз – достық пен гүлденудің мерекесі»: көрме-мереке

14.03.2018

Бастауын ықылым замандардан алатын, бүгінде еліміздің батыс өңірінде ғана сақталып қалған дәстүр – 14 наурыз «Көрісу күніне» байланысты Орталық саябақта қалалық Достық үйінің «Наурыз – 2018» мерекесі аясында «Қауышу-көрісу» күні өткізілді. Халық арасында Наурыз мейрамын қарсы алу осы күннен басталады. …

«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, ақын Ержан Жұмабек : шығармашылық кездесу

07.03.2018

«Рухан жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» Жобасы түрлі салада жетістіккке жетіп, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне үлес қосқан тұлғаларды анықтауға мүмкіндік берді. Бірегей жобаға қатысып, жеңіске жеткен жерлестеріміздің бірі – ақын, мемлекеттік «Серпер» жастар сыйлығының иегері Ержан Жұмабек. …

«Ғажайып әйелдер бар таңқалдырар»: кітап көрмесі

07.03.2018

2018 жылы 7 наурыз күні Абай атындағы кітапхананың шетел әдебиеті бөлімінің қызметкерлері 8- наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Ғажайып әйелдер бар таңқалдырар» тақырыбындағы кітап көрмесін оқырмандар назарына ұсынды. Кітап көрмесіне аты әлемге танымал болған әйелдер ғұмырнамасы мен суреттері қойылып, олардың …

Дрюон королдері (француз жазушысы Морис Дрюонның туғанына 100 жыл толуына орай): әдеби қонақжай

06.03.2018

Француз жазушысы Морис Дрюонның туғанына 100 жыл толуына орай,  6 наурыз күні  «Дрюон королдері» атты әдеби салонның кезекті отырысы өтті. Әдеби салонға тұрақты қонақтардан басқа, жаңадан шақырылған қонақтар да жиналды. Жазушының өмірінің қызықты тұстары, шығармашылығы, әсіресе оның «Қарғыс алған корольдер» …

Қазақтың аңыз аналары: кең көлемді кітап көрме

06.03.2018

Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған аналар мерекесі қарсаңында, 6 наурыз күні Абай атындағы кітапхананың қызметкерлері Р. Байсейітов атындағы қаржы – экономикалық колледж студенттеріне  қоғамдағы  ананың орнын,  ізгі ниеттерін дәріптеу мақсатында «Қазақтың аңыз аналары» атты үш бөлімнен тұратын кең көлемді …

Қасымда болсын Анам!: ойын бағдарламасы

02.03.2018

2 наурыз күні Абай атындағы кітапханада «8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай «Қасымда болсын Анам!» атты мерекелік ойын бағдарламасы ұйымдастырылды. Мерекелік мәдени шараға қаламыздағы №35 ЖББО мектептің 2 «а» және 2 «ә» сыныбының оқушылары мен ұстаздары қатысты. Көктемнің …

Ғажайып әйел портреттері: кітап миксі

02.03.2018

Қай жерде, мейлі, қай елде Әлемнің мәні – Әйелде. Шын мықты болсаң оныңды Әйелге барып дәлелде!   Әйелдерді қай уақытта болмасын, бар  халықтың ақын-жазушылары жырлап өткен. 2 наурыз күні «Қайнар»колледжі студенттерінің ұйымдастыруымен  «Ғажайып әйел портреттері» әйелдер  туралы кітаптарға саяхат атты …

Алғыста шек болмайды: ақпараттық сағат

02.03.2018

2018 жылы   наурыздың 2-ші жұлдызы күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері  №30 мектептің орта буын  оқушыларына «Алғыс айту күніне»  орай «Алғыста шек болмайды»  атты ақпараттық сағат өткізді. «Алғыс айту» мейрамы –  әлемнің көптеген елдерінде атап өтілетін мереке.  Ең танымал мереке АҚШ …

Ағылшын тілін оқытуда интернеттің ақпараттық ресурстарын пайдалану: ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған семинар

02.03.2018

2018 жылдың 1 наурызында Абай кітапханасында шетел әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен ағылшын тілі мұғалімдеріне арнап «Ағылшын тілін оқытуда интернеттің ақпараттық ресурстарын пайдалану» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға №6 мектеп, «Жас Ұлан» мектеп-лицейі, ҚазИГЗУ және «Forward лингвистикалық орталығы» оқытушылары қатысты. Ағылшын тілі сабағында …

Қазақ баспасөзінің тарихы: пікірталас алаңы

01.03.2018

Мерзімді басылымдар тарихын, оның ішінде қазақ баспасөзінің тарихын бүгінгі күн талабына сай, ұлттық мүдде тұрғысынан қайта қарау, төл тарихымызды толықтыра түсері сөзсіз. Осы орайда наурыз айының бірінші жұлдызында Шәкәрім университетінің филология факультетінің 1-2 курс студенттерімен бірге «Қазақ баспасөзінің тарихы» тақырыбында …

«Алғысым шексіз халқыма»: өзекті басылымдар көрмесі

01.03.2018

1 наурыз – бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі – Алғыс айту күні. Елбасы 1-наурыз күнін Қазақстанда Алғыс айту күні деп бекітті. Атаулы күнге арнап бір шаңырақ астында тұратын барлық этностардың бір-біріне деген мейірбандылығы, …

Жанды кітапхана: әлеуметтік ойын

01.03.2018

2018 жылдың 28 ақпанында  Абай атындағы кітапхана  «Қазақстан жастар ақпараттық қызметі» қоғамдық қорымен бірлесіп,  «Жанды кітапхана» іс- шарасын ұйымдастырды. Аталмыш іс- шара кітапханада осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. «Жанды кітапхана» әдеттегідей жұмыс атқарады: «оқырмандар» келеді, оқырман билетін алады, «кітап» таңдайды, …

Сыйға тартқан кітаптарыңызға рахмет: акция

01.03.2018

1 наурыз күні – Қазақстан халқы Алғыс айту мерекесін атап өтеді. «Рахмет айту» мерекелері әлемнің көптеген елдерінде бар. Міне, осы мереке аясында Абай атындағы әмбебап кітапханасы «Кітапты сыйға тарту күні» деп аталатын акция ұйымдастырып, өткізді. Сыйға кітаптар алу – бұл …

Кітапханаға саяхат: экскурсия

28.02.2018

Абай атындағы кітапхананың қызметкерлері 28 ақпан күні №30 мектептің «Асыл мұра» кітапқұмарлар клубының мүшелеріне экскурсия жүргізіп, оқушыларды кітапхананың тарихымен және бөлімдердің қызметтерімен таныстырды. Кітапхана бөлімдері және тарихымен танысқаннан кейін оқушылар Абайдың рухани орталығында болып, ақынның мұрасымен, әлем тілдеріндегі шығармалары туралы …

Ғылыми фантастиканың тарланы: саяхат-сабағы

28.02.2018

28 ақпан күні Абай атындағы кітапхананың балалар әдебиеттері бөлімі белгілі француз жазушысы, географ, ғылыми-фантастикалық роман жанрының негізін қалаушы Жюль Верннің туғанына 190 жыл толуына орай, «Ғылыми фантастиканың тарланы» атты саяхат-сабағын өткізді. Шараға қаламыздағы №31 ЖББО мектептің 7 «В» сынып оқушылары …

«Рухани жаңғыру: Latyn- құнды мұра: кең көлемді ретро-көрме

28.02.2018

27 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д.Ахметовтың бастамасымен ұйымдастырылған мәдени іс-шаралар кешені Зайсан ауданының Сарытерек ауылы мен аудан орталығы Зайсан қаласында жалғасын тапты. Сарытерек ауылы мен Зайсан қаласының мәдениет үйлерінде тұрғындармен кездесу шарасы өткізіліп, сирек …

Жай ғана өмір…: авторлық ән кеші

27.02.2018

2018 жылдың 25 ақпаны күні, яғни әр айдың соңғы жексенбісінде Абай кітапханасында авторлық ән кеші ұйымдастырылады. Бұл кеш «Жай ғана өмір…» деп аталып, авторлық әндер орындалды. Әр адам өз өмір жолында көптеген жағдайларды бастан кешіріп, жаңа қарым-қатынастар бастайды: ғашық болады, …