1-18 / 2629

Кітапханаға тарту

27.02.2015

«Абай атындағы әмбебап кітапхана қоры – осы дала абызы мұраларымен толыға берсін» деген қолтаңбамен Шәкір Әбеновтің інісі Көлембай Әлімбеков «Шәкір Әбенов: Әнім мен күйім – халқыма сыйым» атты құрастырып әзірлеген кітабын сыйға тартты.

Халықаралық қауіпсіздікті сақтау белгісінің жүйесі: көрме-мастер-класс

26.02.2015

26 ақпан ШҚО Абай атындағы кітапхана Семей қаласындағы Төтенше жағдайлар басқарасымен бірлесе Халықаралық азаматтарды қорғау күніне орай Халықаралық қауіпсіздікті сақтау белгісінің жүйесі: атты көрме-мастер-класс ұйымдастырды.

Абай-дана, Абай-дара қазақта: шаңырақ сағаты

25.02.2015

Абай атындағы кітапханада 25 ақпан күні Н.Ә.Назарбаев Зияткерлік мектебінің 103 оқушыларымен және Зияткерлік мектептің әлеуметтк серіктестігі №42 орта мектептің оқушыларымен Абайдың 170 жылдығына байланысты « Абай- дана, Абай-дара қазақта» тақырыбында шаңырақ сағаты болып өтті.

Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы: оқырмандар конференциясы

25.02.2015

Ақпан айының 25 жұлдызынында кітапхана қызметкерлері Шәкәрім атындағы СМУ оқытушысы Мұхит Токенұлы Абикеновпен бірігіп, Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы бойынша оқырмандар конференциясын ұйымдастырды.

Шетел кітапханаларының жаңалықтары: электрондық таратылым

23.02.2015

2015 жылы 10-23 ақпанында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының автоматтандыру бөлімі аймақтық кітапханаларға жаңашыл қызмет түрлерін жұмыста қолдануда кеңестік көмек берудің аясында кітапхана жұмысының әлемдік тәжірибесімен таныстыру мақсатында «Шетел кітапханаларының жаңалықтары» электрондық таратылымын ұсынып, қашықтағы талқылау кеңесін ұйымдастырды.

Дін бірлігі – татулықтың негізі: кітап көрмесі

20.02.2015

Абай атындағы кітапханада 20 ақпан күні «Дін бірлігі – татулықтың негізі» тақырыбында жастардың діни сауаттылықтарын жетілдіріп, адамгершілікке, имандылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.

Герольд Бельгерге арналады…

19.02.2015

19 ақпанында Абай атындағы кітапхана кызметкерлері облыстық «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігімен бірігіп, белгілі қазақстандық жазушы, аудармашы, публицист, әдебиеттанушы Герольд Карлович Бельгерді Еске алу күнін ұйымдастырды.

Абай мұрасы-халық қазынасы: акция

19.02.2015

Абай атындағы кітапхана 19 ақпан күні қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына байланысты «Семавтопарк» және «Азия Сombi» ЖШС бірлесіп қаладағы бағытты автобустарда «Абай мұрасы –халық қазынасы» тақырыбында акция ұйымдастырды.

Қазақ тіліндегі ашық диктант

19.02.2015

Абай атындағы кітапханада 19 ақпан күні, сағат 15.00- де Қазақ хандығының 550 жылдығы, Шоқан Уәлихановтың туғанына 180  жыл толуына  арналып, ашық диктант өткізілді.

Ерлердің ерлігі ұмытылмайды: өлкетану оқуы

17.02.2015

2015 жылдың 17 ақпанында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханада «Ерлердің ерлігі ұмытылмайды» деген тақырыпта өткен өлкетану оқуының қонақтары М.Әуезов атындағы педколледж студенттері мен соғыста қаза болған жауынгер ұрпақтары болды.

Сұрапыл соғыстың жаңғырығы: бейнежазба

16.02.2015

«Туған өлкенің тарихы мен жетістіктері» жобасы аясында өлкеміздің белгілі тұлғалары туралы мәліметтер мен ақпараттар қорын бір орталыққа жинақтау мақсатында, бұл жолғы кейіпкеріміз соғыс және еңбек ардагері Атамбай Оразбаевпен бейнесұхбат жазып алынды.