Абай атындағы кітапханада 9 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздік күні мен Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы қарсаңында «Алаш және тәуелсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
2015 жылдың 8 желтоқсанында Абай атыңдағы кітапханада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Объектив» фотоклубының екінші тобына алғашқы отырыс ұйымдастырылды.
8 желтоқсан күні Абай атындағы кітапхананың оқу залында облыстық халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Вице-президенті Шарипбаев Орал Тоқтарұлының қатысуымен 30 қараша күні жарияланған Президент Жолдауын талқылауға қатысты бейресми әңгіме өткізілді.
2015 жылдың 4 желтоқсанында Абай атындағы әмбебап кітапханасында халықаралық мүгедектер күніне орай «Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы шешімімен 3 желтоқсан халықаралық мүгедектер күні болып белгіленді.
2015 жылы 4 желтоқсанда Абай атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі қызметкерлері Қазақстан Республикасының Елбасының 2016 жылғы халыққа жолдауы кітапхана пайдаланушылары арасында «Президент жолдауы – болашаққа көзқарас» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастыра отырып кең ауқымда талқылады.
3 желтоқсанда Абай атындағы кітапхананың «Кілт» авторлық әндерді орындаушылардың клуб мүшелері Д. Қалматаев атындағы медициналық колледжінде ұйымдастырылған Волонтерлар күні мерекесіне қатысып қайтты.
2015 жылдың 3 желтоқсанында Абай атындағы кітапхана қызметкерлері ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.
2015 жылы 1 желтоқсан күні ШҚО Абай атындағы кітапханада Семей қалалық көркемсурет мектебімен бірлесе 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай «Менің балалық шағымның аспаны» атты бейнелеу өнері бойынша қалалық шығармашылық сайыс ұйымдастырылды.
2015 жылдың 27 қарашасында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында Асхат Жұмабеков пен Сұлтан Картоевтың «Казахстанский путь безъядерного мира» атты кітаптың тұсаукесері болып өтті. Кітаптың сүйінші данасы LAP LAMBERT Academic Publishing баспасында (Германия) жарық көрді.
2015 жылы 26 қарашада Абай атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі қызметкерлері 1- желтоқсан Қазақстан Республикасы президенті күніне орай қала колледждері арасында «Ел еңсесін еселеген Елбасы» атты патриоттық байқау кешін ұйымдастырды.
2015 жылы 27 қарашада Абай атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі қызметкерлері Қазақстан Республикасының Елбасы күніне орай «Әлем таныған тұлға» атты ауқымды кітап көрмесіне арнайы сұраныс бойынша келген студенттер қауымына аталмыш көрме туралы шолу жасады.
Абай атындағы әмбебап кітапханада 25 қарашада «Орхон Енисей жазба ескерткіштер күніне» арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Абай атындағы кітапханада 24 қараша күні Тұңғыш Президент күніне арналған «Әлемдік деңгейдегі тұлға» тақырыбында үш бөлімнен тұратын кітап көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті.
24 қарашада Абай атындағы кітапханада кеңестік дәуірдің жазушысы, орыс халқының ақыны – Константин Симоновтың 100 жылдық мерейтойына байланысты «Ұлы ерліктің жыршысы» атты кітап көрмесін ұйымдастырылды. Константин Симонов- Ұлы Отан соғысына қатысқан кеңестік дәуірдегі орыстың танымал жазушысы, ақын, киносценарист, белгілі қоғам …
2015 жылдың 20 қарашасында Абай атындағы кітапханада желтоқсан айында болатын Мүгедектер күніне орайластырылып «Әлем елдеріндегі шай ішу рәсімі» атты танымдық іс-шараны «Исток» ҚБ бірлесіп өткізді.
Интернет орталығында егде адамдарды компьютерлік сауаттылыққа үйрету тәжірибесі одан әрі жалғасын тапты. Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 2015 жылғы 16-20 қараша аралығында «Компьютер меңгерудің негіздері» атты тренинг өткізілді.
2015 жылдың 19-20 қарашасында Абай атындағы кітапхана Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті және Қазақстан Ұлттық Географиялық қоғамының ұйымдастыруымен өткен «Географияның қазіргі мәселелері: Білім беру, ғылым, тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына «Хакім Абай. Тұлға. Қайраткер» тақырыбында баяндамамен қатысты.
2015 жылдың 19 қарашасында кітапханада «Тарбағатайдың таңбалы тастары» атты деректі фильмнің тұсаукесері болып өтті.
