2287-2304 / 2943

Кітапхананың сирек басылымдар көрмесі университетте

17.09.2015

2015 жылдың 16-17 қыркүйегінде Абай атындағы кітапхана Өскемен қаласындағы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен хакім Абайдың 170 жылдық мерейтойына арналған «Абай мұрасы әлемдік руханият кеңістігінде» және «Қазақ хандығының 550 жылдығы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларына «Ғасырлармен үндескен асыл қазына» -атты …

Кәмила-Мұхтар жұмбағы: кітап тұсаукесері

16.09.2015

16 қыркүйек 2015 жылы Абай атындағы кітапханада Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер, мемлекет қоғам қайраткері, соғыс ардагері С.Тәбәрікұлының «Кәмила-Мұхтар жұмбағы» атты кітабының тұсаукесері өткізілді.

Менің Елім-Мәңгілік ел: ақпараттық сағат

13.09.2015

Абай атындағы кітапханада тарихи маңызы бар Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шаралар тізбегі әлі де жалғасуда. 13 қыркүйек күні Шәкәрім атындағы университеттің 1-4 курс студенттеріне «Менің Елім-Мәңгілік ел» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылды.

Ашық есік күні

12.09.2015

Абай атындағы кітапхана 12 қыркүйек күні Шәкәрәм атындағы университеттің 1 курс студенттеріне «Ашық есік күнін» ұйымдастырды.

Бір ел болып «Көшпенділер» трилогиясын оқу: бестселлер шоу

11.09.2015

Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 11 қыркүйек күні Орталық саябақ демалушыларына қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша бестселлер -шоу ұйымдастырды.

Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары: дін саласындағы әдебиеттердің тұсаукесері

09.09.2015

Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 2015 жылдың 9 қыркүйегі күні Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің және көлік колледжінің студенттеріне елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыру мақсатында дін саласындағы әдебиеттердің тұсаукесерін ұйымдастырды.

Ана мен баланы әлеуметтік қорғау: дәріс

04.09.2015

2015 жылының 4 қыркүйегінде Абай атындағы кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Отбасы күні мерекесі аясында «Ана мен баланы әлеуметтік қорғау» атты тақырыпта Семей қаласының көпсалалы колледж студенттеріне дәріс өткізілді.

Хиросима бейбітшілік тасы: акция

29.08.2015

29 тамыз 2015 жылы Абай атындағы кітапхана қызметкерлері бейбітшілік акциясы шеңберінде өткізілген «Хиросима бейбітшілік тасы» бейбітшілік нышанын табыстау рәсіміне белсенді түрде қатысты.

Жунусова Айгуль: Конституция күніне орай марапат

25.08.2015

2015 жылдың 25 тамыз күні Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Абай кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Жүнісова Айгүл Тұрсынханқызы «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталды. Салтанатты марапаттау рәсімі Өскемен қаласындағы Металлургтер мәдениет сарайында болып өтті.

Әлемге танылған тұлға атты кітап көрмесі

15.08.2015

15 тамыз 2015 жылы Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерей тойы аясында қалалық мәдениет үйінде Шығыс Қазақстан , Қарағанды, Павлодар облыстарының мемлекеттік қызметкерлер арасында өткізілген конкурска «Әлемге танылған тұлға» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Абай:ашылмай келген қырлары: абайтанушы А. Омаровпен әңгіме-сұхбат

10.08.2015

2015 жылдың 10 тамызында Абай атындағы кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №5511 әскери бөлімінде техника және философия ғылымдарының кандидаты, абайтанушы Асан Омаровпен «Абай: ашылмай келген қырлары» атты кітабы жайында әңгіме-сұхбат болып өтті.