17 сәуір күні біздің кітапханада, «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» мерейтойлық шаралар бағдарламасы аясында, «Отты жылдар елесін, кітаптан оқып білесің» тақырыбында буктрейлер ұйымдастырылды.
2015 жылдың 16 сәуірінде Семейдегі Абай атындағы облыстық кітапханада «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл іс ел үшін!» атты дөңгелек үстел өтті.
14 сәуір күні біздің кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде «Ұлы Жеңіске 70 жыл» шаралар бағдарламасы аясында, «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады» тақырыбындағы жерлес Ұлы Отан соғысы ардагерлерне аврналған патриоттық-сазды кеш өтті.
2015 жылы 14 сәуірде кітапханада «Зейнетақы жүйесі жаңалығы» атты ақпараттық сағат болып өтті.
Сәуір айының 12-ші жұлдызы күні, біздің кітапханада барлық православтық христиандардың ең қасиетті мерекесі – Пасхаға арналып, «Жарқын Пасха мерекесі» атты этнографиялық сағат өткізілді.
Кітапханамыздағы « Ұлы Жеңіс – ұрпаққа мұра» кітап көрмесі 8- сәір күні тағы да бір жәдігермен толықтырылды.
2015 жылдың 8- сәуірі күні біздің кітапханада Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Семей Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты виртуалды кітап көрмесінің тұсаукесері өткізіліп, ғаламтор пайдаланушыларына жол тартты.
03 сәуір күні сағат 11.00-де Абай атындағы кітапхананың өнер бөлімінің ұйымдастыруымен «Менің таңдауым!», «Менің Президентім!» атты сурет сайысының қортындысы өтті.
3 сәуір күні біздің кітапхананың оқу залында « Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Қазақстан халқы ассамблеясы- қоғамдық келісімнің маңызы тетігі: атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
02 сәуірде Абай атындағы әмбебап кітапханасының өнер бөлімінде «Өнер өлкесінде» сазды қонақжай клубының аясында, осы үйірменің жетекшісі, бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, әнші, әртіс, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Баян Сағынбаеваның 65 жылдық мерейтойына орай «Шығыстың ақ Баяны» атты бенефис-сазды кеш …
2015 жылдың 2 сәуірінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана мен Н.Байғанин атындағы Ақтөбе облыстық балалар кітапханасы арасында балалар кітабының халықаралық күніне орай ұлы Абайдың туғанына 170 жыл толуына арналған «Абайдың дана ойлары» атты онлайн-конференция өтті.
31 наурыз күні біздің кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі «Қазақ хандығына 550 жыл» мерейтойлық шаралар аясында, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы бойынша, оқырмандар конференциясын ұйымдастырды.
2015 жылдың 30-наурыз күні, сағат 10:00-да біздің кітапханада Семей қаласындағы №10, №32 мектеп оқушыларының арасында «Менің Президентім» атты шығарма жазудан байқау ұйымдастырылып өткізілді.
27 наурызда «Өнер өлкесінде» сазды қонақжай клубы аясында қазақтың маңдайына біткен біртуар ұлы, дарынды композитор, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Теміржан Базарбаевтың туғанына – 80 жыл толуына орай еске алу мақсатында және кітап қорымыздағы сазгердің шығармаларын, жарық көрген кітаптары мен …
2015 жылы 26 наурыз күні Абай кітапханасында кітапхана пайдаланушыларына арналып «Менің Елім- Мәңгілік ел» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Абай атындағы кітапханада 20 наурыз күні «Әз Наурыз шартарапқа жол тартты» тақырыбында мерекелік акция ұйымдастырылды.
19 наурыз күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Наурыз мейрамы карсаңында, № 21-ші жалпы орта білім беретін мектептің 7 сынып оқушыларына арнап «Сиқырлы жетілік» атты интеллектуалдық ойын ұиымдастырды.
19 наурыз күні Абай атындағы әмбебап кітапханасының шетел әдебиеттері бөлімінде ұлттық мейрамымыз – Наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, әз Наурыз! » атты мерекелік шара өткізілді.