1459-1476 / 2612

Кітап тарихы: интеллектуалды ойын

19.09.2017

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Абай атындағы әмбебап кітапханасында 19 қыркүйек күні Тілдер мерекесі күніне орай Семей көлік колледжімен бірлесіп, «Кітап тарихы» атты интеллектуалдық ойын ұйымдастырды. Шараның мақсаты: студенттердің мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, …

Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы: кездесу кеші

19.09.2017

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының мақсаты мен мүддесін қалың бұқараға жеткізіп, кең көлемде насихаттау жұмысына ерекше мән беріліп отыр. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана қызметкерлері де рухани жаңғыруға өзіндік үндерін қосып, маңызды басқосулар мен келелі кездесулер …

Компьютерде жұмыс жүргізу негіздері: тренинг

15.09.2017

Абай атындағы кітапханасының Интернет орталығында 2017 жылғы 11-15 қыркүйек аралығында компьютер негіздері бойынша зейнеткерлер және жұмыссыздарға арналған тренинг өткізілді. Қатысушылар мәтінмен, суретпен жұмыс жүргізу, құжаттарды жасау жұмысымен және Windows операциялық жүйесімен танысты. Тренингтен алған білімдерін нақтылау мақсатында тәжірибелік тапсырмалары берілді, …

Отбасы менің өмірімде: танымдық сағат

15.09.2017

15 қыркүйек күні Абай атындағы кітапхананың қызметкерлері Төлебай Аманов атындағы №16 ЖББ мектептің 9 «Б» сынып оқушыларына Қазақстандағы Отбасы күніне арналған мерекеге байланысты «Отбасы менің өмірімде» атты танымық сағат өткізді. Кітапханашылар оқушыларға отбасылық құндылықтар, жанұя адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті …

Адольф Янушкевичтің ізімен: кітаптың тұсаукесері

14.09.2017

14 қыркүйек Абай атындағы кітапханада кітапханамыздың тұрақты оқырманы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, запастағы полковник Шаймардан Ахмарұлы Қалиақпаровтың  «Адольф Янушкевичтің ізімен» атты  кітабының тұсаукесері  өтті. Сібірге жер аударылып тағдыр тәлкегімен қазақ даласына тап болып, қазақ тілін меңгеріп, халық ауыз әдебиеті нұсқаларын …

Отбасымызбен бірге оқимыз!: көшпелі кітап көрмесі

14.09.2017

14 қыркүйек күні Абай атындағы кітапхана Алаш қозғалысының 100 жылдығы аясында  отбасы күніне орай отбасымен бірге оқуды ұйымдастыру, оқуға басшылық жасау, оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Отбасымызбен бірге оқимыз!» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды. Шараның ерекшелігі қаламыздағы көпбалалы отасылардың  бірі «Книганоша» …

Рухани жаңғыру және білімді ұрпақ: ашық есік күні

06.09.2017

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақала­сында Ұлттық сананы жаңғыртқанда өзіміздің, қазақстандық дербес даму үлгісін қалыптастыруымыз керектігі баса айтылған. Бұл – қазақтың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, ең бас­тысы, мем­лекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақи ру­хы­мызды жаңғырту. Өскелең ұрпақтың бойына елжандылық, …

Жаңа кітаптармен жүздесу: кітап көрмесі

05.09.2017

Абай атындағы кітапханада 5 қыркүйек күні «Жаңа кітаптармен жүздесу» тақырыбында кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптарға кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға қызмет көрсету бөліміне жаңадан келіп түскен кітаптарға шолу жасап, әдебиеттермен қатысушыларды жақынырақ таныстырды. Оқырман «Pocketbook» және «Эксклюзивная классика» серияларымен …

Конституция – негізгі заң және мемлекет тірегі: кітап көрмесі

29.08.2017

Қазақстан Республикасының Конституциясына 22 жыл толуына орай, 29 тамыз күні Абай атындағы кітапханада «Конституция – негізгі заң және мемлекет тірегі» тақырыбында көпшілік қауым үшін кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекет негізінің іргетасы. Конституция бүгін мемлекетімізді мекендейтін халықтардың тыныш …

Құрбан айт – игілік пен мейірімділік мерекесі: кітап көрмесі

29.08.2017

29 тамыз күні Құрбан айт мерекесіне орай Абай атындағы кітапханада «Құрбан айт – игілік пен мейірімділік мерекесі» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды. Құрбан айт мерекесі адамдардың бір-біріне ізгі ниеттер тілеп, бір-бірінің көңіл-күйін көтеріп, ренжітіп алған кездері болса кешірім жасасатын күн. Егемен …

Электронды сөйлесу және ақпарат іздеу: тренинг

28.08.2017

2017 жылдың 21-28 тамыз аралығында зейнеткерлер үшін оқыту тренингі өткізілді. Оқу барысында қатысушы зейнеткерлер Интернет-технологияларды қолдануды үйрену, достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, Интернет желісінде сөйлесу, т.б. үйренді. Тренингте – электронды үкімет, әлеуметтік желілер, электронды пошта және Интернет …

Әлем таныған тұлға: мерекелік шара

24.08.2017

Биылғы жылы ұлы Абайдың туғанына 172 жыл толуына орай қаламыздағы ақын атымен аталатын Абай музейі мен  Абай атындағы кітапхана бірлесіп шаралар циклін өткізді. Абай ескерткіші басында гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілгеннен кейін Абай мұражайында мәдени іс-шаралар жалғасын тапты. Абай өзінің …

Кітапхана қонақтары

23.08.2017

Абай атындағы кітапханаға 21 тамыз күні «Кітапханалық туризм» жобасы аясында  Қазақстан Республикасы Астана қаласының Ұлттық Академиялық кітапханасының мамандары келді. Келген меймандар кітапханамызға саяхат жасап, Абайдың рухани орталығын тамашалады. Кітапхананың сирек қорындағы ХҮІІІ ғасырдың аяғы  мен ХХ ғасырлардың басында жарық көрген …

Компьютер және мен: тренинг

21.08.2017

Абай атындағы кітапханасы және «Отбасы орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп жүргізген компьютерлік сауаттылыққа үйрету бойынша жобасы алға басты. 2017 жылғы 15-21 тамыз аралығында жоба шеңберінде «Компьютер және мен» атты тренинг өткізілді. Шараға зейнеткерлер мен қатар жұмыссыздар да қатысты. Қатысушылар тренингте компьютер …

Конституция – біздің асқақ абыройымыз: дәріс

21.08.2017

20 тамыз күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясының 22 жыл толуына орай «Конституция – біздің асқақ абыройымыз!» тақырыбында №30127 әскери бөліміне барып, жас сарбаздарға Конституцияның тарихы, құрылымы, мазмұны жайлы баяндама жасады. №30217 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық …

Денсаулық әлеміне саяхат: ойын сабағы

16.08.2017

16 тамыз күні балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері Денсаулық сақтау күніне орай «33 пингвино» балабақшасының тәрбиеленушілеріне «Денсаулық әлеміне саяхат» атты ойын сабағын өткізді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, «Салауатты өмір салтын» ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі …

Word бағдарламасының негізі: тренинг

14.08.2017

2017 жылдың 7-11 тамыз аралығында зейнеткерлерге арналған «Компьютер негізі» атты тренинг өткізілді. Мақсаты: қазіргі дербес компьютерде жұмыстың практикалық дағдысын беру және компьютерді пайдалы және тиімді пайдалану мүмкіндігіне тарту. Тренинг тыңдаушылары – қоғамдық жұмыспен айланысып жүрген белсенді зейнеткерлер. Олар компьютермен жұмыс …

Ұлт денсаулығы – XXI ғасырда: кітап көрмесі

10.08.2017

10 тамыз күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «Ұлт денсаулығы – XXI ғасырда» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітапхана пайдаланушыларын интеллект өрісін биіктету, рухын шыңдау, сананың сапа деңгейін көтеру, салауатты өмір салтын ұстану, жалпы қалай денсаулықты шынықтыру, күту керектігін осы көрмеге қойылған …