1-18 / 2629

«Казахстанский путь безъядерного мира» кітабының тұсаукесері

27.11.2015

2015 жылдың 27 қарашасында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында Асхат Жұмабеков пен Сұлтан Картоевтың «Казахстанский путь безъядерного мира» атты кітаптың тұсаукесері болып өтті. Кітаптың сүйінші данасы LAP LAMBERT Academic Publishing баспасында (Германия) жарық көрді.

Ел еңсесін еселеген Елбасы: патриоттық байқау кеші

27.11.2015

2015 жылы 26 қарашада Абай атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі қызметкерлері 1- желтоқсан Қазақстан Республикасы президенті күніне орай қала колледждері арасында «Ел еңсесін еселеген Елбасы» атты патриоттық байқау кешін ұйымдастырды.

Елбасымен нұрлы болашаққа : көрмеге шолу

27.11.2015

2015 жылы 27 қарашада Абай атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі қызметкерлері Қазақстан Республикасының Елбасы күніне орай «Әлем таныған тұлға» атты ауқымды кітап көрмесіне арнайы сұраныс бойынша келген студенттер қауымына аталмыш көрме туралы шолу жасады.

Ұлы ерліктің жыршысы: кітап көрмесі

24.11.2015

24 қарашада Абай атындағы кітапханада кеңестік дәуірдің жазушысы, орыс халқының ақыны – Константин Симоновтың 100 жылдық мерейтойына байланысты «Ұлы ерліктің жыршысы» атты кітап көрмесін ұйымдастырылды. Константин Симонов- Ұлы Отан соғысына қатысқан кеңестік дәуірдегі орыстың танымал жазушысы, ақын, киносценарист, белгілі қоғам …

Әлем елдеріндегі шай ішу рәсімі: мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған танымдық ойын

20.11.2015

2015 жылдың 20 қарашасында Абай атындағы кітапханада желтоқсан айында болатын Мүгедектер күніне орайластырылып «Әлем елдеріндегі шай ішу рәсімі» атты танымдық іс-шараны «Исток» ҚБ бірлесіп өткізді.

Компьютер меңгерудің негіздері: тренинг

20.11.2015

Интернет орталығында егде адамдарды компьютерлік сауаттылыққа үйрету тәжірибесі одан әрі жалғасын тапты. Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 2015 жылғы 16-20 қараша аралығында «Компьютер меңгерудің негіздері» атты тренинг өткізілді.

Хакім Абай. Тұлға. Қайраткер: баяндама

20.11.2015

2015 жылдың 19-20 қарашасында Абай атындағы кітапхана Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті және Қазақстан Ұлттық Географиялық қоғамының ұйымдастыруымен өткен «Географияның қазіргі мәселелері: Білім беру, ғылым, тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына «Хакім Абай. Тұлға. Қайраткер» тақырыбында баяндамамен қатысты.

Тарбағатайдың таңбалы тастары: деректі фильмнің тұсаукесері

19.11.2015

2015 жылдың 19 қарашасында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми экспедиция зерттеушілері түсірген «Тарбағатайдың таңбалы тастары» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті.

Ұлтының тілін ұлықтаған: шығармашылық сағат

17.11.2015

17 қарашада оқу залының ұйымдастырумен қаладағы «Авиценна» колледжі және М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің білім алушыларына Ахмеди Ысқақовтың өмірі мен шығармашылығынан ақпараттар беретін іс-шара өткізілді.

Мейірімділіктің жолы – жарық күн

17.11.2015

17 қарашада Абай кітапханасның қызметкерлері «Исток» ҚБ балалар мен жастар шығармашылық орталығының 15-жылдығына арналған мерейтойлық салтанатқа қатысып қайтты.

Электрондық кітапхана: шеберлік сыныбы

13.11.2015

2015 жылдың 13 қарашасында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері мен А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ақпараттық-библиографиялық қызмет орталығының жетекшісі Н.Б.Харламовамен шеберлік сыныбы өтті.

Абай музейін мерейтойымен құттықтаймыз!

13.11.2015

2015 жылдың 13 қарашасында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейінің 75 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып әріптестерін құттықтап қайтты.

Далалы өлкені зерттеуші: Ш.Уәлиханов көшесі бойымен библиокруиз

13.11.2015

13 қарашада Абай кітапханасы қызметкерлері қаладағы Ш.Уәлиханов атындағы көше бойында қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф, фольклоршы, саяхатшы және ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 180-жылдығына орай «Далалы өлкені зерттеуші» атты библиокруиз ұйымдастырды.

Онлайн орталығы бұрышының ашылу салтанаты

11.11.2015

11 қараша күні Абай атындағы кітапханада БҰҰ 70-жылдығына арналған онлайн орталығы бұрышың ашылу салтанаты БҰҰДБ ШҚО бойынша үйлестірушісі Ж.Ж. Жыбыраева мен Ішкі саясат бөлімінің басшысы А.С.Садырбаевтардың қатысуымен өтті.