2539-2556 / 2623

Алаш арысы Райымжан Мәрсеков: библиокеруен

28.05.2013

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы 2013 жылы 28 мамыр күні Р.Мәрсеков көшесінде 31-мамыр «Қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне» және «Семей көшелеріне есімі берілген тұлғалар» акциясы аясында Алаш арысы Райымжан Мәрсековке арналған библиокеруен өткізді.

Әуезов шығармаларындағы балалар тақырыбы

25.05.2013

2013 жылдың 25 мамырда мәдени сенбілік аясында қаламыздағы техникалық коледжінің жанындағы психологиялық дамуы тежелген балаларға арнап Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы танымдық сағат ұйымдастырды.

Қазақты әлемге танытқан заңғар жазушы: әдеби бейнекөпірі

22.05.2013

Өткізілген күні: 2013 жылдың 22 мамыры. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Қатысушылар: қаланың зиялы өкілдері: өлкетанушылар, жазушылар, ғалым-ұстаздар және кітапханашылар қауымы.

Фариза – поэзия әлемінің жарық жұлдызы: көрмесі

22.05.2013

20 мамыр 2013 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында халық жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Фариза Оңғарсыноваға арналып, екі тілде «Фариза – поэзия әлемінің жарық жұлдызы» атты …

Фариза Оңғарсынова лирикалық бастаулары: кітап көрмесі

21.05.2013

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының пайдаланушыларына 2013 жылдың 19 мамыр күні «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Фариза Оңғарсынова лирикалық бастаулары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Сазды әуеннің саңлағы: танымдық сағат.

20.05.2013

18 мамыр 2013 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы «Мәдени сенбілік» акциясы аясында композитор, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты – Жолан Дәстеновтің туылғанына 70 жыл толуына орай танымдық сағат ұйымдастырылып өткізді.Дастенова.

Ұраным – Алаш!: әдеби музыкалық кеш

16.05.2013

2013 жылдың 16 мамырында Риддер қаласындағы «Шаңырақ» қазақ орта мектебінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкері осы кітапхананың 130 жылдық мерейтойына арналған «Ұраным – Алаш!» атты әдеби музыкалық кеш өткізді.

Алаш арысы Райымжан Мәрсеков: ғылыми конференция

15.05.2013

2013 жылдын 15 мамыры күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері және Шығыс Қазақстан Облысы Ұлан ауданының орталығы Қ.Қайсенов атындағы кентінің Р.Мәрсеков атындағы орта мектептің ұжымы ұйымдастырған «Алаш арысы Райымжан Мәрсеков» тақырыбына арналған ғылыми конференцияға қатысты.

Түркі халықтарына ортақ латын әліпбиі: дәріс

14.05.2013

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы қызметкерлері 2013 жылы 14 мамырда қаламыздағы көпсалалы колледж студенттеріне Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында қазақ әліпбиін латынға ауыстыру мәселесін насихаттау мақсатында «Түркі халықтарына …

Семей – алаштың астанасы: әдебиеттер көрмесі

11.05.2013

2013 жылдың 11 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері Семей қаласындағы Орталық демалыс паркінде «Мәдени сенбілік» шарасына орай қазіргі заманғы және сирек басылымдардан тұратын «Семей – алаштың астанасы» атты әдебиеттер көрмесін ұйымдастырды.

Соғыстың ауыр шындығын ұмытпа, бағалай біл: көрмесі.

08.05.2013

2013 жылы 8 мамыр күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында Ұлы Отан соғысына арналған «Соғыстың ауыр шындығын ұмытпа, бағалай біл» атты мерзімді басылым көрмесі ұйымдастырылды.

Атамбай Оразбаев: ардагер шаңырағындағы кездесу.

06.05.2013

6 мамыр 2013 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері, кітапхананың қырық жылдай оқырманы болған, тоқсан жастағы майдангер қарт Атамбай Оразбаевтың үйіне барып, Жеңіс күнімен құттықтап, жауынгердің жүріп өткен соқпақтарын еске түсірте отыра, сыйлықтарын …