2014 жылдың 1-ші шілдесінде Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Астана күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5511 әскери бөлімшесі сарбаздарына «Қазақстан: өрлеу жолында» атты ақпараттық сағат өткізді.
2014 жылдың 1-ші шілдесі күні Абай атындағы әмбебап кітапхнасы қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5511 әскери бөлімшесінде «Ұлт көшбасшысы»: атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
2014 жылдың маусым айының 30-шы жұлдызында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен көрнекті ғалым, абайтанушы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Қайым Мұхаметхановтың дүниеден өткеніне 10 жыл толуына орай ғалымды еске алу күні ұйымдастырылып, өткізілді.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының Интернет орталығында 2014 жылғы 18-27 маусым аралығында компьютер негіздерін меңгеру бойынша екі тренинг өткізілді.
Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 2014 жылдың 25 маусымы күні «Этно – мәдени білім баршаға» секциясы аясында оқырмандарды ұлттық мәдениеттің, салт-дәстүрдің жетістіктерін білуге қатыстыру және эстетикалық тәрбие беру мақсатында «Қазақ халқының салт дәстүрлері» тақырыбындағы кітап көрмесіне этно-шолу өткізді.
Өткізілген уақыты: 11-20 маусым 2014 жыл. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының Интернет орталығы. Қатысушылар: мүмкіндіктері шектеулі адамдар. Шараның мақсаты: компьютер графика бойынша білімін кеңейту. Күтілетін нәтиже: алған білімдерін қызметтерінде қолдану.
2014 жыл 19 маусым Абай атындағы әмбебап кітапханасы шетел әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері «Symbols of the USA. АҚШ символдары» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырды.
2014 жылдың 17 маусымында Абай атындағы кітапхана қызметкерлері қазақ поэзиясының құлагері атанған Ілияс Жансүгіровтың туғанына 120 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің құлагері» атты кітапхана пайдаланушыларына арнап кітап көрмесін ұйымдастырды.
2013 жылдың тамыз айында ұлы Абайдың туғанына 168 жыл толуына арналған телекөпір Ақтөбе облысының Қобда аудандық кітапханасымен өткен болатын. Сол шарада семейліктер тарапынан келесі кездесу Әлия Молдағұлова өмірінің беймәлім парақтарына арналса деген ұсыныс болды. Міне, 2014 жылдың 15 маусымында Абай …
2014 жылдың 12 маусымы күні Абай атындағы кітапханада ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Алтын Жұлдыз» ұлттық телепремиясының лауреаты, жарнама агенттігінің директоры, бірегей тұлға жерлесіміз Нариман Сұлтанбековпен кездесу кеш өтті.
Абай атындағы кітапхна 2014 жылдың 12 маусымы күні Қазақстанның Франциядағы күніне орайластырып – «Қазақстан –Франция: мәдениет сабақтастығы» тақырыбында мерзімді басылымдар көрмесін ұйымдастырды.
2014 жылы 12 маусым күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Америка бұрышы аясында «Ағылшын тілін қай деңгейде білесіз?» тақырыбында «Englishfrienship» ағылшын клубының маусымдық соңғы отырысы өткізілді.
Мүмкіндігі шектеулі жандар ішінен ақпараттық технология саласында кәсіби түрде жұмыс жасауға қабілетті азаматтарды таңдап алуға бағытталған, 2013 жылы іске қосылған «Компьютерлік сауаттылық» жобасының алғашқы түлегі Дима Лободенко болды.
Абай атындағы кітапхана 2014 жылдың 11 маусымы күні Орталық саябақта жұртшылықтың кітап оқу мәдениетін көтеру мақсатына негізделген «Оқитын Семей» акциясын өткізді.
Абай атындағы кітапхана 2014 жылдың 11 маусымы күні Орталық саябақта қала тұрғындары үшін кітап оқылымды насихаттап, жұртшылықтың назарын кітап оқуға аудару мақсатында ерекше үлгіде «Оқитын Семей» акциясын өткізді.
2014 жылдың 10 маусымында Абай атындағы кітапханада «Объектив» фотоклубы аясында «Фотосуретке түскен жарық пен көлеңке» тақырыбында жаттықтыру сабағы ұйымдастырылды.
Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 2014 жылдың 10 маусымы күні Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған онкүндіктің аясында қалалық №7 мектеп – лицей жанындағы жазғы демалыс лагері оқушыларына «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында танымдық сағат өткізді.
Абай атындағы кітапхна 2014 жылдың 7 маусымы күні қала тұрғындарына Отбасы жылына орайластырып –«Отбасы- мемлекеттің әлеуметтік ортасы» тақырыбында мерзімді басылымдар көрмесін ұйымдастырды.