3 қазан күні Абай кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен шоқтығы биік қаламгер, қазақтың көрнекті жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай қаламыздағы №6 мектеп-гимназиясында әдеби іс-шара өткізілді. Шараға 8-сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері қатысушыларды автордың өмірбаяны, шығармашылығымен таныстырып, арнайы …
3 қазан күні Абай кітапханасында Президент Жолдауы бойынша қаламыздағы Alikhan Bokeikhan университетінің философия ғылымдарының кандидаты, профессор М.М.Түйебаев пен тарихшы, политолог, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.Қ.Рахметуллин «Жолдаудың саяси, әлеуметтік мәні» тақырыбында кітапхана қызметкерлеріне дәріс өткізді. Аталмыш шарада Мемлекет Басшысының Жолдаудағы негізгі …
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру ісінде көрсеткен көмек қолдаулары үшін Абай кітапханасының директоры М.Қарт, директордың орынбасарлары Г.М.Аязбаева, Б.М.Мустафин және кітапхана қызметкерлері Ж.Ә.Манжибаева, А.Р.Валиуллина, М.Құмарұлы Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е.Бексултановтың алғыс хатымен марапатталды. Әріптестерімізді …
2024 жылдың 28 қыркүйек күні Абай атындағы әмбебап кітапханасының мерзімді басылымдар бөлімінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша «Жолдау – болашақтың бағдары» атты көрме ұсынылды. 2024 жылдың қыркүйек айында …
30 қыркүйек күні Абай кітапханасында ақын, Ғ.Мұратбаев атындағы республикалық жастар сыйлығының иегері, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Ақжол Түменбаймен «Ақын – елдің ардағы» атты кездесу кеші өтті. Шараға студенттер, оқушылар, кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында Абай облысының Мәдениет басқармасы басшысының …
27 қыркүйек күні Абай атындағы кітапханада балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалық шаққа саяхат» атты повесі бойынша оқырмандар конференциясы өткізілді. Конференцияға Шәкәрім университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің студенттері қатысты. Ашаршылық пен жетімдіктің зардабын тартқан …
2024 жылдың 26 қыркүйегінде Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында В.И.Ленин атындағы Могилев облыстық кітапханасымен бірлескен түрде «Қасиетті бұлақ – өмір көзі» атты Семей, Могилев маңындағы киелі бұлақтар туралы өлкетану тақырыбына арналған онлайн кездесу өтті. Кездесуде қаламыздағы облыстық ғылыми-практикалық орталықтың бақылаушы-әдіскері …
25 қыркүйек күні Абай атындағы кітапханада «Қазақстан дамуының әлеуметтік-экономикалық векторлары» тақырыбында қаламыздағы медицина университетінің студенттеріне екі тілде ақпараттық сағат өткізілді. Іс – шараның негізгі мақсаты – Президент Жолдауының 2024 жылға арналған «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты …
2024 жылдың 24 қыркүйекте Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Ә.Толғанбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қатал тағдыр тәлкегі» повесі бойынша оқырмандар конференциясы өтті. Конференцияның негізгі мақсаты – қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашының екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы тартқан азабына қарамастан қазақтың әндерін …
Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастырған «Kitap Time – 2024» ІIІ жалпы республикалық кітап фестивалінде ұсынылған қолөнер шеберлерінің туындылары қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Қазақ қол өнерінің көркемдік ерекшелігінің негізі киіз басу, алаша тоқу т.б. өнерін дамытып, насихаттап жүрген Боқпасарова Айман …
Бүгін Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы шаңырағында «Kitap Time – 2024» ІIІ жалпы республикалық кітап фестивалі болып өтті. Айтулы шараның мақсаты – кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын насихаттай отырып, қала тұрғындарын кітап оқуға …
2024 жылдың 19 қыркүйек күні Абай облыстық әмбебап кітапханасының қызметкерлері «Семей жоғарғы көпсалалы колледжінде» барып, скрипкашы Айткеш Толғанбаевтың туғанына 100 жыл, Алаш қайраткері Ахметжан Қозыбағаровтың туғанына 145 жыл толуына орай «Туған өлкем – тұнған тарих» атты өлкетану оқуларын өткізді. Қатысушылардың …
15 қыркүйек күні Абай атындағы кітапхана пайдаланушылары мен қала тұрғындарына «Ертіс өңірі» өлкетану қоғамы, Абай атындағы кітапхана және Абай облысының «Дарын» орталығы дайындаған «Жас өлкетанушылар сыр шертеді» атты өлкетану қонақжайы өткізілді. «Дарын» орталығының жетекші маманы, өлкетанушы В.А. Боровинский жұмыс нәтижелерімен …
13 қыркүйек күні Абай атындағы кітапхана мамандары Қазақстанда дәстүрлі түрде қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтетін Отбасы күніне арналған «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында интерактивті кездесу өткізді. Кездесуге Семей медицина университетінің студенттері қатысты. Қатысушылар мерекенің тарихымен, Қазақстанда және әлемнің басқа …
Қазақстандағы Отбасы күнін мерекелеу аясында балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері кітапхананың жас оқырмандары мен ата-аналары арасында «Біз отбасымызбен кітап оқимыз» атты ақпараттық сағат өткізді. Отбасы адамзаттық құндылықтардың, мәдениеттің және ұрпақтың тарихи сабақтастығының қамқоршысы. Балдырғандардың адами құндылықтарын арттыруда кітапхана ошағы мен отбасы …
12 қазан күні Абай атындағы әмбебап кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Мереке Құлкенов пен Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы орынбасары, ақын, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ғалым Қалибекұлымен кездесу кеші өткізілді. Шараға қаламыздағы зиялы қауым өкілдері, жергілікті ақын-жазушылар және әдеби ортаның өкілдері …


















