1837-1854 / 2612

АҚШ Президенті күні: викторина

11.02.2016

Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 11 ақпан күні Америка сөресі аясында оқырмандарға АҚШ-тың президент күніне арналған, «Президент күні» атты тақырыпта іс-шара өткізді.

Тұрсынғазы Төлеубайұлы Рахимов: бейнежазба

09.02.2016

9 ақпан күні Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орайластырып Абай атындағы кітапханада «Сәби болғым келеді» әнімен танымал, өз өнермен қалың қауымды сүйсінтіп жүрген, жерлесіміз, сазгер, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері Тұрсынғазы Рахимовтан бейнежазба түсіріліп алынды.

Шығыс Қазақстан жерінің аңыздары: видео-сұхбат

09.02.2016

Абай атындағы кітапхана М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің жобалық қызметтерімен әріптестік байланыстарын жалғастыруда. 9 ақпан күні өткен видео-сұхбат жобамыз халық ауыз әдебиетінің бірі – аңыз тақырыбына арналып отыр.

Ол, оқиғаны шынайы өмірден алды : әдеби талдау

05.02.2016

5 ақпан күні Абай атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде бар жоғы қырық жыл ғана өмір кешсе де, оның алты жылын әдебиетке арнаған американдық танымал жазушы Джек Лондонның туғанына 140 жыл толуына орай бөлімнің «Диалог» әдеби қонақжай клубының мүшелерімен «Ол …

Болашаққа нық сеніммен: дөңгелек үстел

05.02.2016

5 ақпан күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері №5511 әскери бөлімнің әскери қызметкерлері мен сарбаздарына «Болашаққа нық сеніммен» тақырыбында Елбасның жолдауы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Кітапханаға саяхат

04.02.2016

Абай атындағы кітапхананың қызметкерлері 4 қаңтар күні №17 жалпы білім беретін мектептің 9 «А» сынып оқушыларына экскурсия жүргізіп, оқушыларды кітапхананың тарихымен және бөлімдердің қызметтерімен таныстырды.

Кітапханадағы жобалау жұмысы

03.02.2016

3 ақпан күні Абай атындағы кітапханаға Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектебінің оқушылары келді. Гимназияда Касакбаева Жанагүл Раимханқызы басшылық ететін «Зерде» атты жоба жұмыс істейді.

Ғалым мұралары: веб-альбом

02.02.2016

2016 жылы 2 ақпанында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының автоматтандыру бөлімі Қайым Мұхамедхановтың 100-жылдығына арнап «Ғалым мұралары» веб-альбомын құрастырып, Интернет және әлеуметтік желілерде орналастырды.

2016 жыл: өлке бойынша атаулы күндер

27.01.2016

Абай атындағы кітапханада 2016 жылдың 27 қаңтарында колледж, мектеп мұғалімдері мен кітапханашылары үшін «2016 жыл: өлке бойынша атаулы күндер» атты ақпарат күнін өткізді.

Ғұлама абайтанушы-Қайым Мұхамедханов

27.01.2016

27 қараша күні Абай атындағы кітапханада қаламыздың колледждерінің оқытушылары мен кітапханашыларына «Ғұлама абайтанушы- Қайым Мұхамедханов» тақырыбында кең көлемді экспозицияланған кітап көрмесіне шолу жасалды.