2287-2304 / 2612

Салт-дәстүрім – ұлттық қазынам: этнографпен сұхбат

16.04.2014

2014 жылдың 16 сәуірінде Абай атындағы кітапхана қызметкерлері ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ҚР оқу-ағарту ісінің үздігі, Абай, Ақсуат ауданының Құрметті азаматы, шежіреші-этнограф Молдабек Жанболатұлымен әңгіме-сұхбатты бейнежазбаға түсірді.

Туған тілден нәр алған: әңгіме-сұхбат

14.04.2014

2014 жылдың 14 сәуірінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана Жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымының кандидаты, «Атилла» медалінің иегері, ақын, аудармашы, ұстаз Мұрат Рахымжанұлы Сұлтанбековпен болған әңгіме-сұхбатты бейнежазбаға түсіріп алды.

Аймақтық туризмнің дамуы: бейнекруиз

13.04.2014

2014 жылы 13 сәуірде Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Шығыс Қазақстан облыстық аймақтық №5511 әскери бөлімшесінің сарбаздары үшін «Аймақтық туризмнің дамуы» тақырыбында бейнекруиз өткізді.

Шебер қолдар

12.04.2014

Абай атындағы кітапханада 2014 жылдың 12 сәуір күні «Өнер өлкесінде» сазды қонақжай клубының аясында «Шебер қолдар» қолөнер үйірмесінің кезекті үйірме жұмысында қолөнер шебері Ақылия Садуақасова ши тоқудан және киіз бастырудан шеберлік сабағын өткізді.

Семей өңірінің тарихи тұлғалары: өлкетану оқуы

11.04.2014

2014 жылдың 11 сәуірінде Абай атындағы әмбебап кітапхана библиографтары биылғы жылы аталып өтілетін, Семей тарихымен тығыз байланысты тарихи тұлғалар Ф.Достоевский және Н.Коншинге арналған өлкетану оқуын ұйымдастырып өткізді.

Ғұмырын ұлы Абайға арнаған: әдеби-сазды кеш

10.04.2014

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханада 2014 жылдың сәуір айының 10 күні «Семей өңірінің тарихи тұлғалары» аясында қаламгер, сыншы, өнертанушы Төкен Смайылұлы Ибрагимовтың туғанына 75 жыл толуына орай «Ғұмырын ұлы Абайға арнаған» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Шәкәрім университетінен: сый кітаптар

09.04.2014

2014 жылдың 9 сәуірінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана қорына Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті оқытушылары Шығыс Қазақстан XX ғасырдың басынан бүгінгі күнге дейін кезеңдерді сипаттайтын оқушыларға арналған эксперименттік оқу құралдарын сыйға тартты.

Әлеуметтік жобалар: облыстық тәжірибе алмасу семинары

09.04.2014

Абай кітапханасында 2014 жылы 9 сәуір күні «Нұр Отан» партиясының «Саяси менеджмент мектебі» Шығыс Қазақстан аймақтық филиалының директоры А.Қ. Самаевпен бірлесіп «Книгоноша» әлеуметтік жобасын зерделеу және тәжірибеге енгізу» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Кітапханаға тарту: ғалымның сыйы

07.04.2014

2014 жылдың 7 сәуірінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана қорына Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ғалымы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Ө.С. Сұлтанов бірнеше кітаптарын сыйға тартты.

Франция еліне саяхат: кітап көрмесі

01.04.2014

2014 жылы 1 сәуір күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының шетел әдебиеттер бөлімі Қазақстанның Франциядағы мәдени жылына байланысты «Франция еліне саяхат» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кітапхана оқырмандарының сұраныстарын талдау

28.03.2014

2014 жылдың ақпан-наурыз айларында Абай атындағы кітапхана оқырмандар арасында “Оқырмандар сұраныстары” тақырыбында әлеуметтік зерттеу жүргізді. Зерттеудің басты мақсаты оқырмандардың кітапхана қоры мен кітапханалық қызмет көрсетуіне қанағаттанушылық деңгейін анықтау болды.

Марғұлан мұрасы- ұлт мақтанышы: оқу конференциясы

27.03.2014

27 наурыз 2014 жылы Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің оқытушыларымен бірлесіп, әйгілі шығыстанушы, фольклоршы, әдебиетші, археолог, филология ғылымдарының докторы, академик, ҚазССР ғылымына еңбегі сіңген ғалым Ә.Х. Марғұланның туғанына 110 жыл толуына орай «Марғұлан мұрасы- ұлт мақтанышы» …