Отбасылық мұрағаттан мәліметтер

Құрметті пайдаланушылар!

Кітапхана Ұлы Отан Соғысының семейлік ардагерлерге арналған «Отбасылық мұрағаттан мәліметтер» атты бөлімді құру үшін ат салысуға шақырады. «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» кітап көрмесі жүйелі түрде семейлік ардагерлерге қатысты жаңа ақпараттармен толықтырылып отырады. Соғысқа қатысқан жаңа есімдермен танысуды жалғастырып келеміз.

Сіздерде майданда соғысқан, жау тұтқынында болған, тылда еңбек еткен жақындарыңыз немесе туыстарыңыз туралы ақпарат пен фотосуреттер болса, semeybib@yandex.kz электронды поштаға жіберуіңізді сұраймыз. Сіздердің көмектеріңіз арқылы Ұлы Отан Соғысында шайқасқан жерлес ардагерлеріміз туралы толық ақпарат жинамақпыз. Олардың есімдерін жадымызда сақтап, жас ұрпаққа қалдыру.

Асайынов Шаған

Бұланбаев Фатих

Мұхамадиев Ұқай

Насибулин Тауфик

Усманов Махмут