31 мамыр саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне орай ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасы 30 мамыр күні белгілі жас ғалым, балалар жазушысы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, алаштанушы Елдос Тоқтарбаймен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында қазақ халқының басынан …
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Абай дәстүрін жалғастырушы, халық ақыны Төлеу Көбдіковке арналған тікелей эфир өткізді. Онлай-сұхбатқа ақынның немересі Семейдің тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі, ақынның немересі Садықова Шынар Мұратқызы қатысты. Сұхбат барысында ақынның ақындық тұлғасын тану үшін ақынның …
2020 жылдың 28 мамырында ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасы белгілі ғалым, көрнекті жазушы, алаштанушы, абайтанушы, «Ұран Алаш» атты көп томдық зерттеу жұмысының авторы Тұрсын Жұртбаймен онлайн сұхбат өткізді. Естеріңізде болса президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семейді «Қазақстанның мәдени-тарихи орталығына айналдыру» туралы заңға …
2020 жылдың 27 мамырында ШҚО Абай атындағы кітапханасының @semeybib инстаграм парақшасында ҚР Мәдениет саласының үздігі, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы, Халықаралық Шәмші Қалдаяқов атындағы әншілер байқауының жүлдегері, Халықаралық «Азия дауысы» фестивалінің дипломанты Ноғайбаева Гүлдана Рахымбекқызымен «Қазақ вальсінің королі» тақырыбында онлайн жүздесу …
27-ші мамыр күні Абай атындағы әмбебап кітапхананың әлеуметтік желісінің инстаграм парақшасында карантин жүйесінің әлі де сақталуына байланысты тікелей эфир онлайн сұхбат ұйымдастырылды. Кештің басты кейіпкері Шәкәрім университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Исин Амантай Исаұлы болды. Кешкі кездесуде Әкем Иса хақында …
21 -ші мамырда Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Абай атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен @semeybib инстаграм желісінде Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі Найзабаев Әлімбай Аманбайұлымен «Абайдың біз білмейтін афоризмі» атты онлайн кездесу ұйымдастырылды. …
2020 жылдың 20 мамырында ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының инстаграм парақшасының тікелей эфирінде техника ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Сүйіндіков Мерхат Мәдениұлымен онлайн сұхбат өткізді. Сұхбаттың негізгі тақырыбы биылғы жылы …
18 мамыр күні ШҚО Абай атындағы кітапхана мамандары «Шалғай қоғамдастықтар үшін кітапханалық қызмет көрсету тәжірибесі: жаңа кітапханалық парадигманы іздеу» атты бейресми on-line халықаралық конференцияға қатысты. Конференция ZOOM платформасында ұйымдастырылды, аталмыш шараның ұйымдастырушысы осы мақаланың авторы – Назарбаев Университеті кітапханасының бас …
Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай әнші, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Салықов пен әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Клара Төленбаевалармен онлайн кездесу өткізді. Тікелей эфир барысында өнерлі отбасы өздерінің …
Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Философия және теология ғ.д., профессор Қожа Ахмет Иасауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Ясауитану ғылыми-зерттеу орталығының директоры Кенжетаев Досай Тұрсынбайұлымен «Абайдың діни танымы» тақырыбында онлайн жүздесу өткізді. Онлайн жүздесу барысында ғалым Абайдың діни көзқарастары, болмысты тануы жайында …
2020 жылдың 11 мамыр күні ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасы Қазақстан Жазушылар Одағы Семей филиалымен бірлесіп Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында «Адамзаттың Абайы» тақырыбында республикалық онлайн ғылыми конференциясын ұйымдастырды. Шараға Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз, Түркістан, Семей қалаларынан абайтанушы ғалымдар мен …
2020 жылдың 9 мамырында Ұлы жеңіске 75 жыл толуына орай, Абай атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен @semeybib инстаграм парақшасында Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның әншісі, халықаралық конкурстардың лауреаты Жасұлан Тәжиев пен жұбайы, халықаралық би конкурсатарының лауреаты Айнұр Асқармен тікелей эфир өткізілді. Бұл …
2020 жылдың 5 мамырында Абай атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен @semeybib инстаграм парақшасында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті филология кафедрасының меңгерушісі, ф. ғ. к. Төлебаева Құралай Тоқтарқызымен «Абай әлемі» сериясымен жарық көрген Қалихан Алтынбаевтың «Қайран өмір» кітабы бойынша тікелей эфир өткізілді. Өзінің ғылыми …
2020 жылдың 5 мамыры күні Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған Рубцовск – Семей телекөпірі өтті. Онлайн конференцияға Семей қаласының Абай атындағы кітапханасы мен Рубцовск қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің мамандары қатысты. Конференцияның басты тақырыбы Жеңістің 75 жылдығы болды. Кездесудің басында екі …
2020 жылы 5 мамыр күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Біз біргеміз» акциясы аясында инстаграм әлеуметтік желісінің парақшасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, абайтанушы, жазба ақындар мүшәйрасының бірнеше дүркін жүлдегері, Алмахан Мұхаметқалиқызымен «Ұлы адамдардың сүйікті ісі» тақырыбында …
2020 жылдың 4 мамырында ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасы белгілі ақын, Қазақстан Жазушылары одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының директоры, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Дәулеткерей Кәпұлымен инстаграм парақшасы арқылы онлайн кездесу өткізді. Кездесу Жазушылар одағының қазіргі жай-күйі турасындағы әңгімемен басталып, еліміздегі қаламгерлердің …
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы 2 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы, Ақтау қаласының «Ақереке» клиникасының невролог дәрігері Батхолдина Ғалия Қалтайқызымен тікелей эфир өткізді. Дәрігер маман неврологияға қатысты адам денесіндегі болатын ақаулармен жіті таныстырып, олардың пайда болу себептеріне тоқталып, …
Абай атындағы әмбебап кітапхананың әлеуметтік парақшасының инстаграм желісінде 30-ші сәуір күні кезекті тікелей эфир ұйымдастырылды. Кездесудің басты кейіпкері облыстық, республикалық бірнеше жыр мүшәйраларының жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Білім үздігі және Халықаралық «Глобус» академиясының «Қанипа Бітібаева» атындағы медалінің иегері Бақытжан Райсова болды. …


















