973-990 / 2614

«Жарығым»: жыр жинағының таныстырылымы

20.06.2019

20 маусым күні Абай атындағы кітапханада ақын Үміт Оразымбайқызы Шарипованың «Жарығым» атты кітабының тұсаукесері өтті. Үміт Шәріпованың «Жарығым» жинағына соңғы жылдары жазылған өлеңдері топтастырылған. Өлеңдерінің негізгі арқауы туған жеріне, табиғатқа және достарына арналған түрлі жанрлар мен ата-ананың құшағы, махаббат пен …

Әдеби Семей: «Диалог» әдеби клубының отырысы

20.06.2019

Өлкетану – кітапхана жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі. Абай атындағы кітапханада жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылықтарына ерекше көңіл бөлінеді. 19 маусым күні Семейдің ақындары мен жазушыларына арналған «Диалог» әдеби клубының  кезекті отырысы өтті. «Әдеби Семей» іс-шарасы қатысушыларды өлкелік ақын-жазушылардың шығармашылығымен танысуға мүмкіндік берді. …

Модель Назарбаева: кинокөрсетілім

19.06.2019

19 маусым күні Абай атындағы кітапханада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жоғарғы лауазымда елімізді басқарғанына  30 жыл толуына орай «Модель Назарбаева» тақырыбында кинокөрсетілім өтті. Көрсетілім «Білім орталығының» жайлы атмосферасында кітапхана оқырмандарымен  және «Диалог» жастар клубының мүшелері Елбасының халқына сіңірген …

Жаз мезгілі, кітаптар және мен – тамаша достармыз!: әдеби сағаты

19.06.2019

19 маусым күні балалар бөлімінің қызметкерлері «Орбита» жазғы сауықтыру лагеріндегі №8 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне  «Жаз мезгілі, кітаптар және мен – тамаша достармыз!» тақырыбында әдеби сағатын өткізді. Шара барысында демалушылар 2019 жылдың мерейтойлық кітаптар, танымдық энциклопедиялар, сонымен қатар,  бастауыш және орта …

Көше тарихы мұрағат құжаттарында: өлкетану қонақжайы

18.06.2019

16 маусым күні Абай атындағы кітапханада «Көше тарихы мұрағат құжаттарында» атты тақырыпта өлкетану қонақжайы өткізілді. Шара еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында кітапхана серіктестері ШҚО «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру …

English Spell Check: Ағылшынша жаппай сауаттылық диктанты

18.06.2019

Ағылшын тілі – әлемдік кеңістікке ең кең таралған халықаралық тіл болып табылады. Сол себепті 15 мамыр күні Семей қаласында алғаш рет ШҚО Абай атындағы кітапханада оқырмандардың ағылшын тілінде сауаттылықтарын тексеру мақсатында ағылшынша ашық диктант ұйымдастырылды. Қаламыздың кез келген азаматы өзінің …

«Абай әлемі» қоғамның рухани жаңғыруы: кітаптар сериясына шолу

14.06.2019

14 маусым күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Семей қаласы әкімдігінің мамандарына арнап  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген «Абай әлемі» қоғамның рухани жаңғыруы: кітаптар сериясына шолу ұйымдастырды. Шара барысында қатысушылар Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайберді, Мұхтар Әуезов, Марат Кабанбай, Төлеу Көбдіков, …

Құрметті марапаттар: кітапхана мамандарын марапаттау

14.06.2019

14 маусым күні Абай атындағы кітапхананың  мамандары Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен, Шығыс Қазақстан облысы, Ішкі Істер Департаменті Семей қаласы  полиция басқармасының грамоталарымен марапатталды. Еліміздің кітапхана саласын дамытуға қосқан еңбегі үшін, қоғамның мәдени-ақпараттық және зияткерлік дамуына, …

Компьютер негіздері: тренинг

14.06.2019

2019 жылғы 10-14 маусым аралығында компьютер негіздері бойынша зейнеткерлерге арналған тренинг өткізілді. Қатысушы 2 зейнеткер тренингте мәтінмен жұмыс жүргізу, құжаттарды жасау жұмысымен және Windows операциялық жүйесінің қосымшаларымен танысты. Тренингтен алған білімдерін нақтылау мақсатында тәжірибелік тапсырмалар орындап, алған білімдерін жақсы көрсете …

Жазғы тілдік лагерьдің аяқталуы

14.06.2019

Жазғы тілдік лагерьлер оқушылардың жазғы демалысында білімін толықтырып жаңа әсер алуына ықпал жасайды. Абай атындағы кітапханада 2019 жылдың маусым айының 5-і мен 14-і аралығында жазғы тілдік лагерь ұйымдастырылған болатын. Кітапханада ұйымдастырылған тілдік лагерь балалардың еркін пікір алмасуына, ағылшын тілі деңгейін …

Жазды кітаппен бірге өткізейік!: әдеби саяхат

14.06.2019

14 маусым күні балалар әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері Н.Г.Чернышевский атындағы №1 ЖББО мектептің жанындағы «Солнышко» жазғы лагерь демалушыларына,  балаларды кітап оқуға баулу мақсатында, «Жазды кітаппен бірге өткізейік» атты әдеби саяхат ұйымдастырды. Шара барысында оқушылар 2019 жылғы мерейгер жазушылардың шығармаларымен, балалар арысындағы …

Қазақстан – Ресей: ортақ мәдени кеңістік: әріптестер кездесуі

13.06.2019

Ресейдің Алтай өлкесі мәдениет министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы арасындағы мемарандум аясында 12 маусымда халықаралық кітапханалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Абай атындағы кітапханада Ресей Федерациясы Рубцовск қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әріптестері қонақта болды. Шетелдік қонақтарды  «Қазақстан …

Кітапханаға саяхат

11.06.2019

11 маусым күні Абай атындағы кітапханада №49 ЖББО мектеп жанындағы жазғы лагерде демалушы оқушылар экскурсияда болып қайтты. Балалар 1883 жылы саяси жер аударылғандардың бастамасымен ашылған кітапхана тарихымен, бөлімдермен және кітапхана қызметімен танысты. Абайдың рухани орталығында болған мектеп оқушылары ақынның мұрасымен, …

Microsoft Excel бағдарламасы: тренинг

07.06.2019

2019 жылы 4-7 маусым аралығында пайдаланушылардың сұранысы бойынша Microsoft Excel бағдарламасы бойынша тренинг өткізілді. Оқу барысында қатысушылар Excel электронды кестелерін формула, есеп, диаграмма арқылы жасау, сақтау, өндеу және пішімдеуін үйренді. Тренингте Microsoft Excel бағдарламасы туралы жалпы ақпарат, терминдер, әмірлер туралы …

Есірткісіз әлем: кең көлемді кітап көрмесі

05.06.2019

Абай атындағы  кітапханада 5 сәуір күні   кітапхана оқырмандарына 26 маусым – Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі саудасымен күрес күніне орай,  нашақорлықтың алдын алу, балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Есірткісіз әлем» ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Екі бөлімнен …

Шығыс Қазақстанның ұлы есімдері: «Абай әлемі» атты кітап көрмесі

05.06.2019

5 маусым күні  «Рухани жаңғыру»   ұлттық бағдарламасын іске асыру  аясында Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасында «Абай әлемі» кітабының «Шығыс Қазақстанның Ұлы есімдері» атты көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге келушілер Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайберді, Мұхтар Әуезов, Марат Кабанбай, Төлеу Көбдіков, Анатолий …

Тарихтан сыр шерткен мемлекеттік рәміздер: бейнесабақ

04.06.2019

4 маусым күні ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай Абай атындағы кітапханада кітапхана пайдаланушыларына арналған «Тарихтан сыр шерткен мемлекеттік рәміздер» атты бейнесабақ ұйымдастырылды. Мерекелік шара мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталды. Кітапхана қызметкерлері тәуелсіздігіміздің нышаны болып табылатын мемлекеттік рәміздердің қалыптасу тарихы мен маңызы …

Балаларға арналған жазғы тілдік лагердің ашылуы

04.06.2019

2019 жылдың 4 маусымында ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханада 7 жаспен 10 жас аралығындағы балаларға арналған жазғы тілдік лагерь өз жұмысын бастады. Тілдік лагерь Елбасының үштұғырлы саясаты аясында ағылшын тілін үйрету, оның қолданыс аясын кеңейту мақсатында ашылды. Ағылшын тілін үйренуге …