19-36 / 2629

Өлкетану – қазақстандық ұлтжандылыққа тәрбиелеу жолдары: семинар

19.04.2016

19 сәуір күні «Прииртышье» өлкетану қоғамы және Абай атындағы кітапхананың ұйымдастырумен «Өлкетану – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеудің жолы» атты тақырыпта қала мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдеріне арналып өлкетану семинары өткізілді.

«Гид»: клуб басқосуы

16.04.2016

2016 жылы 16 сәуір күні Абай кітапханасы шетел әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен құрылған «Гид» ағылшын клубының алғашқы отырысы болып өтті.

Чернобыль куәгерлер естеліктерінен: еске алу күні

15.04.2016

Чернобыль Атом электр станциясы апатының 30 жылдығына арналып 15 сәуір күні «Жанұя орталығы» қоғамдық қоры, «Чернобыль мүгедектерінің еркін қоғамы» қоғамдық қоры мен Абай атындағы кітапхана бірлесіп , «Чернобыль көргендер естеліктерінен» атты еске алу күнін өткізді.

Рухани жол: Абай. Ән – мұра: тұсаукесер

15.04.2016

Абай атындағы кітапханада 2016 жылдың 15 сәуір күні абайтанушы, халық композиторы, қолөнер шебері Арғынбек Ахметжановтың 80 жасқа толу мерейтойына орай «Рухани жол: Абай. Ән – мұра» атты кітабының тұсаукесері өткізілді.

Ұлтының жаны мен жүрегіне айналған өнерпаз: виртуалды көрме

13.04.2016

Сәуір айының 13-ші жұлдызында Абай атындағы кітапханада әнші, сазгер, актер, ҚР мәдениет қызметкері, Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері  Тұрсынғазы Рахимовтың туғанына 65 жыл толуы қарсаңында «Ұлтының жаны мен жүрегіне айналған өнерпаз» тақырыбында «Әнге ғашық жүрек», «Актерлық қыры», «Әндер тарихы», «Өмірім  – …

Қаламгердің сан қыры: виртуалды көрме

12.04.2016

Абай атындағы кітапханада 2016 жылдың 12 сәуірінде жазушы, журналист, драматург, «Құрмет орденінің иегері Медеу Сапаұлы Сәрсекенің 80 жылдық мерейтойына «Қаламгердің сан қыры» атты виртуалды көрменің тұсаукесер рәсімі өтті.

Семей Аруы: байқау

08.04.2016

Бүгін, 8 сәуір күні Абай атындағы кітапханада ине шаншар орын болған жоқ. «Қазақстан жастарын қолдау» ШҚО жастар және «Жас Отан» қоғамдық бірлестіктері біздің кітапханамен бірлесіп, сұлулық мерекесі – «Семей аруы» байқауын өткізді. Дәстүрге айналған бұл байқау арқылы жыл сайын қазақ …

Қайым Мұхамедхановтың ұрпақтары кітапханада

07.04.2016

2016 жылдың 7-ші сәуірі күні біздің кітапханада абайтанушы, шәкәрімтанушы, ғалым, Қазақ ССР-нің алғашқы Гимнінің авторы Қайым Мұхамедхановтың ұрпақтары: Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет қоғамдық қорының директоры Дина Мұхамедханова, Қарлығаш Мұхамедханова, ұлы- педагог, суретші Қанағат Мұхамедхановтар қонақта болды.

Аутизмді бірге жеңеміз: қайырымдылық концерті

02.04.2016

Абай атындағы кітапханада «Особенный мир» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2 сәуір күні Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне байланысты аутизмге шалдыққан балаларға қолдау көрсету мақсатында «Аутизмді бірге жеңеміз» қайырымдылық концерті өткізілді.