1495-1512 / 2615

Қазақтың қаһарман батыры – Қаракерей Қабанбай (Қабанбай батырдың туғанына 325ж): ақпараттық сағат

23.06.2017

23 маусым күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері  Қабанбай батырдың туғанына 325 жыл толуына орай,  «Туған өлкенің тарихи тұлғалары» жобасы аясында, теміржол вокзалының маңында орналасқан Қаракерей Қабанбай ескерткішінің жанында, қала тұрғындары және қонақтарына арнап, «Қазақтың қаһарман батыры – Қаракерей Қабанбай» тақырыбында …

Террор құрбаны – балалар: ақпараттық сағат

15.06.2017

15 маусым күні Абай атындағы әмбебап кітапханасы балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері  балаларға лаңкестік әрекеттердің қаупі төніп тұрған жағдайда қандай әрекет және сақтық шараларын жасау керектігін түсіндіру  мақсатында №37 мектеп-гимназиясының «Балауса» жазғы лагерінде тәжірибеден өтіп жүрген тәрбиешілерге  «Террор құрбаны – балалар» …

Әлемдік көзқарастар, ЭКСПО жетістіктері: ақпараттық сағат

15.06.2017

14 маусым күні Абай кітапханасы қызметкерлері «ЭКСПО- 2017» көрмесінің ашылу салтанатына орай «Әлемдік көзқарастар, ЭКСПО жетістіктері» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырды. Шара барысында Бүкіләлемдік көрме жайында қызықты фактілер мен оқиғалар және Халықаралық көрмелер бюросының жұмыстары жайында көптеген мәліметтер беріліп, көрменің маңыздылығы …

Жаназа және жерлеу рәсімі: кітап тұсаукесері

15.06.2017

Абай атындағы кітапханада 13 маусым күні қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің бекітуімен, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабын шығарудағы …

Жазды кітапханада өткіземіз: мультфильм көрсетілімі

09.06.2017

9 маусым күні Абай атындағы әмбебап кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде  «33 Пингвина» балалар бақшасының тәрбиеленушілеріне «Жазды кітапханада өткіземіз» шарасы  аясында «Walt Disney Pictures» компаниясының «Ақшақар мен жеті ергежейлі» мультфильмінің топтамалары көрсетілді. Кішкентай ғана бүлдіршіндер қоршаған әлемді белсенді түрде тани бастаған   …

Кешегі Алаш – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан – ертеңгі рухани жаңғыру: танымдық сағат

08.06.2017

Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай Абай атындағы кітапхана қызметкерлері қаламыздағы «Аналар Кеңесі» қоғамдық ұйымымен бірге Семей колледжінің 3 курс студенттері – болашақ дизаинерлермен «Кешегі Алаш – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан – ертеңгі рухани жаңғыру» тақырыбы аясында танымдық сағат өткізіп қайтты. Шараға …

Қазақтың ұлы перзенті: әдеби танысу

07.06.2017

7 маусым күні Абай атындағы әмбебап кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығы бойынша «Қазақтың ұлы перзенті» атты әдеби танысу сағаты өткізілді. Шара барысында балаларға акцияның шығу тарихы, ақынның өмірі …

Тарихты зерделеу – рухани жаңғыру: виртуалды шолу

06.06.2017

6 маусымы күні Абай атындағы әмбебап кітапхансының қызметкерлері қаржы-экономикалық колледж студенттеріне «Тарихты зерделеу – рухани жаңғыру» атты виртуалды шолу өткізді. Кітапханашылар болашақ ұрпаққа ата-бабаларымыздан қалған құндылықтарды насихаттау мақсатында, Алаш автономиясының негізі қаланғанына және «Алашорда» үкіметінің 100 жылдығына орай ұйымдастырған «Алаш» …

«Ел рәміздері – еркіндік нышаны»: ақпараттық сағат

05.06.2017

3 маусым күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Чернышевский атындағы №1 орта мектеп жанындағы «Солнышко» лагерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл толуына орай, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» тақырыбында танымдық сағат өткізді. Мемлекеттік рәміздер — халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, …

Ел рәміздері – еркіндік нышаны: патриоттық сағат

02.06.2017

2 маусым күні Абай атындағы кітапханада 4 маусым – Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік рәміздеріне 25 – жыл толу күніне орай «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» атты №37 мектеп – гимназияның «Балауса» жазғы балалар лагерінің тәрбиеленушілеріне патриоттық сағат өткізілді. Ұлтымыздың рухани тұтастығын …

Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы: патриоттық кеш

02.06.2017

2 маусым күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында радиотехника және байланыс колледжінде жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа дәріптеп, жерін, тарихын қадірлеуге бағытталғын патриоттық кеш өткізді. Мәдени шара барысында тәуелсіз елдің …

Біз бақытты балдырған: велошеру

01.06.2017

1- маусым  Халықаралық  балаларды қорғау күні мерекесіне орай Абай атындағы  әмбебап кітапханасы балалар әдебиеті  бөлімінің қызметкерлері «Біз бақытты балдырған» атты велошеру өткізді. Балдырғандарды таңғажайып оқиғалар әлемін бейнелейтін ұлы ертегішілердің туындылары,  оларға бала кездерінен таныс «Үйшік»,  «Қасқыр мен қоян», «Алдар көсе», …

Алаш жолы – мәңгілік тілдің түп қазығы: ғылыми-тәжірибелік конференция

01.06.2017

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне және Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Семей мемлекеттік медицина университетінде «Алаш жолы – мәңгілік тілдің түп қазығы» тақырыбында …

Әке мен бала – Мұхамедхан Сейтқұлов пен Қайым Мұхамедханов – Отан патриоттары: кітаптың тұсаукесері

30.05.2017

30 мамыр күні Абай атындағы әмбебап кітапханасында  «Әке мен бала – Мұхамедхан Сейтқұлов пен Қайым Мұхамедханов  –  Отан патриоттары» атты кітабының  тұсаукесер рәсімі өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ұлттық құндылықтарды жаңғыртудың бағыттарына  толықтай жауап беретін адамгершілік құндылықтарға …

Мекен-жайымыз Кеңестер Одағы: әндер кеші

30.05.2017

28 мамырда Абай атындағы кітапханада «Ключ» авторлық әндер клубы жазғы каникул алдындағы қорытынды гитара әндері  кешін өткізді. Кеш мерекелі мамыр айының  Халықтар Достастығына, бұрынғы кеңестік республикаларға арналды. 16 мен 50 жас аралығындағы клуб мүшелері ұлы мемлекеттің тарихи кезеңін әндер арқылы …

Қаламгердің құрақ көрпесі: тұсаукесер

26.05.2017

Абай атындағы әмбебап кітапханасында қаламгер Сүйеубай Байқадиұлының шығармашылығына 50 жыл толуына орай жаңадан баспа көрген екі томдық «Қаламгердің құрақ көрпесі» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді. Жинаққа  С. Байқадиұлының  жарты ғасырлық журналистік қызмет қоржынына жиналып, баспасөзде жария көрген публицистикасының таңдаулылары  іріктеліп, …

Шет тілін оқытудағы жаңа технологиялар: семинар

26.05.2017

2017 жылы 26 мамыр күні Абай атындағы кітапханада қаладағы  ағылшын тілі оқытушыларына арнап «Шет тілін оқытудағы жаңа технологиялар» тақырыбында семинар өткізілді. Шараға Шәкәрім атындағы университет, СММУ, ҚазИЗУ, ҚИУ, «Жасұлан» мектеп лицейі және № 6 мектеп гимназиясының ағылшын тілі пәнінің оқытушылары …

Қазақ халқының кемеңгер биі: әдеби кеш

25.05.2017

25 мамыр күні Абай кітапханасында ұлтымыздың бір туар ұлы –  Қазыбек бидің туғанына 350 жылдығына орай «Қазақ халқының кемеңгер биі» тақырыбында әдеби іс-шара ұйымдастырылды. Кешке этнограф-тарихшы, доцент, Қазақстан оқу-ағарту ісінің үздігі, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Мұхаметқазы Мұхамедиұлы шақырылды. Іс-шараға Радиотехника …