26 сәуір

Жүрек сөйлейді: әдеби кеш

26 сәуір күні Абай атындағы кітапханада жерлесіміз, белгілі ақын, журналист Ақылбек Манабаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Жүрек сөйлейді» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылды. Аталмыш кешке ақынның ұлы Айдар Манабаев пен қарындасы Айгүл Ахмерқызы қатысты. Кешке қаламгердің көз көрген замандастары, зиялы …

25 сәуір

Ырысхан Мұсаұлы «Аға сұлтан» романы: тұсаукесер

25 сәуір күні Абай атындағы кітапханада жерлесіміз, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер, Облыстық «Семей таңы» газеті мен республикалық «Абай» журналының бас редакторы қызметін атқарған Ырысхан Мұсаұлының «Аға сұлтан» романының тұсаукесері болды. Тұсаукесерге қаламгердің замандастары, зиялы қауым …

25 сәуір

Бір шаңырақ астында: этнографиялық кеш

Абай атындағы кітапхананың қызметкерлері 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арнап «Бір шаңырақ астында» тақырыбында этнографиялық кеш ұйымдастырды. Аталмыш кеш ағылшын тілінде өткізілді. Іс–шараға Семей медициналық университетінің шетелдік студенттері, неміс және татар мәдени орталықтары қатысты. Кеш барысында кітапхана қызметкерлері …

24 сәуір

Оқы және жеңіске жет: облыстық байқау

24 сәуір күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Ж.Шайжүнісов атындағы электронды колледжде өткізілген «Оқитын ұлт» жобасы аясында өткізілген «Оқы және жеңіске жет» атты колледж кітапханашыларына арналған облыстық байқауда әділқазылық етті. Байқаудың мақсаты: жас кітапханашылардың жаңашыл, жасампаз және шығармашылықтарын анықтай отырып,кәсіби байланыстарды …

23 сәуір

Кітап сыйла: акция

Абай атындағы облыстық кітапхана 23 сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін мерекелеу аясында қаламыздағы №5511 әскери бөліміне 30 ға тарта кітаптарды сыйға тапсырды. Осы акция аясында табысталған туындылар: М.Әуезовтің «Абай жолы», Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», М.Сұлтанбековтің «Поэтикалық шабыт: Абай, …

23 сәуір

Робототехника

Робототехника үйірмесі жасөспірімдердің шығармашылық және техникалық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Мақсаты: техникалық және робот ойындары арқылы балаларды технология әлемімен, оның ерекшеліктерімен және әртүрлілігімен таныстыру. Үйлестіруші: Ивлева Любовь Валерьевна Дамыту бөлімі Робототехника үйірмесі сейсенбіден жұмаға дейін сағат 09:30 және 14:00-де жұмыс …

23 сәуір

«Абай жолы» кітапханасы жобасы

Өңір авторларының (қаламгерлер, өнер адамдары) туындыларын саралап, сұрыптап оқырмандарға ұсыну, жастар шығармашылығын қолдау мақсатында облыс әкімінің қаржыландыруымен 2023-2028 жж. арналған «Абай жолы» кітапханасы жобасы жүзеге асырылуда. 2023 жылы жоба аясында жарыққа шыққан кітаптардың тұсаукесері авторлардың қатысуымен облыстық деңгейде Абай театрында …

20 сәуір

«KITAP FEST SEMEY- 2024»: кітап көрмесі және жәрмеңкесі

Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай 20 сәуір күні Жастар ресурстық орталығы мен «Alash Jastary» жастар ұйымының ұйымдастыруымен қала орталығындағы арбатта «KITAP FEST SEMEY- 2024» кітап көрмесі және жәрмеңкесі өткізілді. Бұл шараға біздің кітапхана да үлкен қолдау танытты. Қазақстан …

18 сәуір

«Абай жолы» кітапханасы: әдеби экспозиция

Бүгін Астана қаласында «EurasianBookFair – 2024» VII – Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өз жұмысын бастады. Сәуір айының 17-21 күндері арасында өтетін Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне Семей қаласындағы Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «Абай жолы» кітапханасы әдеби экспозициясымен қатысуда. Шараның мақсаты тарихи кітапхана …

18 сәуір

Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»: оқырмандар конференциясы

17 сәуір күні Абай атындағы кітапханасында «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында балалар әдебиетінің классигі, көрнекті қаламгер Б.Соқпақбаевтың 100 жылығына орай, балдырғандар жүрегінен ерекше орын алған, шоқтығы биік, үздік шығарма «Менің атым Қожа» туындысына арналып, оқырмандар конференциясы өткізілді. Шараға қаламыздағы …

12 сәуір

Ғарышқа саяхат : танымдық сағат

12 сәуір күні Абай атындағы кітапханада «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 12 сәуір – Халықаралық ғарышкерлер күніне орай, «Ғарышқа саяхат» тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараға қаламыздағы №38 мектеп-лицейінің 2 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар ғарыш әлемі, ғалам ғарышкерлері …

12 сәуір

Ұлт мақтанышы Қаныш Сәтбаев: ақпараттық сағат

2024 жыл қазақтың көрнекті ғалымы, геолог, қоғам және мемлекет қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, ҚазКСР ҒА ұйымдастырушысы және Тұңғыш Президенті, КСРО ҒА академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толып отыр. Ғалымның туған күні қарсаңында Абай атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері Семей …

11 сәуір

Қазақстан және Америка жазушылары: ақпараттық сағат

11 сәуір күні Абай атындағы кітапханада шетел әдебиеттері бөлімі қызметкерлері Шәкәрім атындағы университет студенттері арасында ағылшын тілінде Қазақстандық мерейгер жазушылар Б. Соқпабаев, І . Жансүгіров, Америка жазушысы Э. Поның атаулы күндеріне арналған ақпараттық сағат өткізілді. Аталмыш іс-шарада көрнекті жазушылардың ғұмырнамасы …

10 сәуір

Сан қырлы, дара тұлға Қаныш Сәтбаев: кітап көрмесі

10 сәуір күні Абай кітапханасының мамандары бизнес колледж студенттеріне арнап «Сан қырлы, дара тұлға Қаныш Сәтбаев» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітапхана маманы колледж студенттерін аса көрнекті ғалым, академик, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның …

10 сәуір

Қолжазба – құнды мұра : қолжазбалар қорының тұсаукесері

Бүгін Абай кітапханасының сирек басылымдар топтамасы қолжазбалар қорымен толықты. «Қолжазба – құнды мұра» тақырыбында арнайы іс-шара ұйымдастырылып, салтанатты түрде тұсаукесер рәсімі өткізілді. Сирек кездесетін құнды қорларымыздың қоржыны қолжазба –түпнұсқамен байыды. Бұл сирек қорға келіп қосылған тұңғыш қолжазбалар болып табылады. Кітапханаға …

09 сәуір

«Абай жолы» кітапханасы – жауһар туындылар: кең көлемді кітап көрмесі

Қаламыздағы Шәкәрім атындағы университетте ұйымдастырылған «Республикалық кітап көрме – жәрмеңкесіне» Абай атындағы кітапхана да қатысып қайтты. Кітапхана қызметкерлері жақында ғана көпшілік оқырманға жол тартқан «Абай жолы» кітапханасы сериясымен жарық көрген кітаптар топтамасынан «Абай жолы» кітапханасы – жауһар туындылар» тақырыбында көрмені …