16 мамыр

Кітапханаға кітаптар сыйға берілді

Бүгін кітапханамызға Югра қаласынан «Ертіс Индустриал» халықаралық ғылыми-зерттеу экспедициясының қатысушылары келді. Аталмыш экспедиция құрамында Геология, мұнай және газ мұражайының, Табиғат және адам мұражайының, Югра университетінің (Ханты-Мансийск автономиялық округі), Мәскеу география институтының (Ресей Федерациясы), Ұлттық музейдің (Қазақстан Республикасы) қызметкерлері болды. Экспедицияның …

15 мамыр

Ұлы жеңіске арналады : халықаралық онлайн кездесу

15 мамыр күні Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Ұлы Жеңіске арналады» тақырыбында Могилев қаласындағы (Белорусь) облыстық жасөспірімдер кітапханасымен «Ұлы жеңіске арналады» тақырыбында халықаралық онлайн кездесу өткізілді. Кітапхана қызметкері онлайн іс-шараға қатысушларға «Әлия» жинағын таныстырып, қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова туралы құжаттар …

15 мамыр

Планетаның экологиялық портреті: экологиялық калейдоскоп

15 мамыр күні кітапхана оқырмандары үшін «Планетаның экологиялық портреті» тақырыбында экологиялық калейдоскоп өткізілді, онда экологияның мәні мен қазіргі әлемдегі адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың жай-күйі туралы ақпарат қамтылды. Оқырмандар экологияның ғылым ретіндегі тарихымен, оның дамуымен, сонымен қатар өзара байланысты экология …

15 мамыр

Отбасы – бақыт мекені: кітап көрмесі

15 мамыр күні Абай атындағы кітапханада  Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы – бақыт мекені» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл мереке әлемнің көптеген елдерінде аталып өтіледі. Кітапхана мамандары отбасылық құндылықтарды нығайту, сондай-ақ қоғамның назарын отбасы мәселелеріне және оларды шешу жайлы мағлұматтар …

14 мамыр

Қайым Мұхамедханов – ұлтқа қызмет: еске алу кеші

14 мамыр күні Абай атындағы кітапханада жерлесіміз, тарихи тұлға, ғалым Қайым Мұхаметханұлының өмірден озғанына 20 жыл толуына орай «Қайым Мұхамедханов – ұлтқа қызмет» тақырыбында еске алу кеші өткізілді. Кешке қаламгердің замандастары, зиялы қауым өкілдері, ұл-қыздары қатысып, жазушының өнегелі өмірінен естеліктер …

14 мамыр

Абай и Пушкин – два светлых гения земли: литературно-музыкальный саквояж

14 мая в рамках Казахстанской Пушкинианы Русский социально-культурный центр совместно с библиотекой имени Абая провели литературно-музыкальный саквояж «Абай и Пушкин – два светлых гения земли» среди учащихся педагогического, электронного и музыкального колледжей города, посвященный 225-летию со дня рождения великого русского …

10 мамыр

Мен анамды бейнелеймін: шеберлік сағаты

Елімізде алғаш рет аталып өтіп отырған 12 мамыр – Аналар күні мерекесіне орай, кітапхананың балалар әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері «Мен анамды бейнелеймін» тақырыбында шеберлік сағатын ұйымдастырды. Шараға «Сиқырлы қылқалам» сурет үйірмесінің қатысушы балақайлары мен аналары қатысты. Жұмыс барысында әрбір бала өз …

03 мамыр

Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев:патриоттық сағат

3 мамыр күні Абай атындағы кітапханада 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев» атты патриоттық сағат өткізілді.Шараға транспорт колледжінің студенттері қатысты. Кітапхана маманы Ұлы Отан соғысы кезінде рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақтың қаһарман ұлы Рақымжан Қошқарбаевтың ғұмырнамасы, …

03 мамыр

Сағадат Нұрмағамбетов – қазақ елінің қайсар ұлы: ерлік сағаты

3 мамыр күні Абай атындағы кітапхананың қызметкерлері Ж. Шайжүнісов атындағы электрондық колледжде «Сағадат Нұрмағамбетов – қазақ елінің қайсар ұлы» атты тақырыпта ерлік сағатын өткізді. Шара барысында кітапхана қызметкерлері Кеңес Одағының батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, армия генералы …

02 мамыр

Бүгінгі ұландар – ертеңгі ел қорғаушылар: спорттық эстафета

Абай кітапханасының қызметкерлері 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, «Бүгінгі ұландар – ертеңгі ел қорғаушылар» атты спорттық эстафета ұйымдастырды. Шараға қаламыздағы №30 орта мектебінің 5 сынып оқушылары шақырылды. Іс – шара барысында ҚР Қарулы Күштері туралы қысқаша мәлімет беріліп, …

02 мамыр

Ұранды ердің ұрпағы қайсар: кітап көрмесі

2 мамыр күні Абай атындағы кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай «Ұранды ердің ұрпағы қайсар» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені Ә. Бөкейхан университеті, М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері мен кітапхананың тұрақты оқырмандары тамашалады. …

02 мамыр

Шекспир туралы білетініміз және білмейтініміз: әдеби кеш

Абай атындағы кітапхананың қызметкерлері ағылшынның ұлы жазушысы У. Шекспирдің 460 жылдық мерейтойына орай «Шекспир туралы білетініміз және білмейтініміз» тақырыбында ағылшын тілінде әдеби кеш ұйымдастырылды. Кеште жазушының қызықты ғұмырнамасы, құпияға толы шығармашылығы мен сонаталары туралы ақпарат берілді. Іс-шараға Шәкәрім атындағы университеттің …

30 сәуір

Үш бәйтерек: кітап көрмесі

30 сәуір күні Абай атындағы әмбебап кітапханасында ұлытымыздың үш бәйтерегі Б.Майлин, С. Сейфуллин, І.Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай «Үш бәйтерек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 1894-1938 жылдар аралығында өмір сүрген қазақтың біртуар қаламгерлерін ұрпағы ұлықтап «Қазақтың үш бәйтерегі» деп атады. …

30 сәуір

Халық бірлігі – мемлекеттің негізі: этнографиялық мереке

Абай атындағы кітапханада «Халық бірлігі – мемлекеттің негізі» атты этнографиялық мереке өтті. Шараға медицина университеті, электротехника колледжінің студенттері қатысты. Кешке қатысушылар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің тарихымен танысып, Қазақстан халықтары ассамблеясының қызметі туралы ақпарат алып, Семейдегі Достық …

26 сәуір

Жүрек сөйлейді: әдеби кеш

26 сәуір күні Абай атындағы кітапханада жерлесіміз, белгілі ақын, журналист Ақылбек Манабаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Жүрек сөйлейді» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылды. Аталмыш кешке ақынның ұлы Айдар Манабаев пен қарындасы Айгүл Ахмерқызы қатысты. Кешке қаламгердің көз көрген замандастары, зиялы …

25 сәуір

Ырысхан Мұсаұлы «Аға сұлтан» романы: тұсаукесер

25 сәуір күні Абай атындағы кітапханада жерлесіміз, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер, Облыстық «Семей таңы» газеті мен республикалық «Абай» журналының бас редакторы қызметін атқарған Ырысхан Мұсаұлының «Аға сұлтан» романының тұсаукесері болды. Тұсаукесерге қаламгердің замандастары, зиялы қауым …

25 сәуір

Бір шаңырақ астында: этнографиялық кеш

Абай атындағы кітапхананың қызметкерлері 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арнап «Бір шаңырақ астында» тақырыбында этнографиялық кеш ұйымдастырды. Аталмыш кеш ағылшын тілінде өткізілді. Іс–шараға Семей медициналық университетінің шетелдік студенттері, неміс және татар мәдени орталықтары қатысты. Кеш барысында кітапхана қызметкерлері …